Жаһанға танымал Nomad Stunts халықаралық каскадерлар тобы Netflix киностудиясының жаңа жобасына шақырту алды. Отандық трюктар қоятын мамандар «Тамерлан» атты халықаралық фильмде бой көрсететін болады. Туындыны Қазақстан, Америка, Өзбекстан мемлекеттері бірігіп таспаламақ.

Nomad Stunts

2023 жылы көктемінде басталатын картинаның түсірілім жұмыстары Өзбекстан мен Қазақстанда өтеді. Ал, режиссері Джейкоб Шварц болса, экшн директоры орынтағына Nomad Stunts каскадерлар тобының басшысы Жайдарбек Күнғожиновты тағайындаған.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: