ҚР Халық әртісі Роза Рымбаеваның тұңғыш немересі 1 жасқа толды. Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай атұстарларына арнап ауқымды пати ұйымдастырды. Кішкентай Зейін Әлиұлының тұсаукесер тойы жұлдызды әулеттің ет жақындарына арналған.

Тұсаукесер тойдың форматы – ерекше декорация, еркін шоу-программадан құралған. Зейіннің әжесі Роза Қуанышқызының өзі ән шашумен кештің шымылдығын түрді.

«Жақын адамдарды ғана шақырдық», — деген Әли Оқапов ұлының тұсаукесеріне өнердегі және өмірдегі араласатын таныстарының басын қосты. Жабық іс-шара да сондай-ақ, жұлдыздар да бой көрсетті.  

«Бүгін көптен күткен тойымыз болады. Зейіннің 1 жасы мен тұсаукесер рәсімін жасаймыз. Ағайын-тума ғана болады. Үлкен той жасап, көп адамды шақырмадық. Өнердегі достарым музыка жағын көтереді. Қазір уақыт қымбат. Бірақ қонақтарымыз кешігіп жатыр. Кейін шақырған жерге кешікпейтін күн де келер. Қатты толқып тұрмын. Ерекше күнді әдейі таңдадық. Бізбен бірге болыңыздар», – деді Әли Оқапов.

Ал Зейіннің тұсауын елімізге танымал ТОП актерлар Азамат Сатыбалды мен Дулыға Ақмолда кесті.  Олай болса кішкентай ханзаданың туған күні құтты болсын дейміз!


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aliokapov. Автор @tairzhakanov.

Поделиться: