Роза Рымбаеваның әулетінде ұлан асыр той! Эстрада жұлдызы тұңғыш немересінің бесік тойын дүркіретіп өткізді. Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай алғаш жұп ретінде көпшілік алдына шығып, атұстарларының жүзін көрсетті.

Оқапов Зейін Әлиұлын көру үшін шоу-бизнестің танымал тұлғалары түгел жиналды. Енді ғана қырқынан шыққан бөбектің фотолары да LED экраннан көрсетілді. Зейінді көрген Әлидің өнердегі әріптестері, өзінен аумайтынын жарыса жазуда.

Ал, бесік тойдың басы қасында жүрген Роза Рымбаеваның өзі. Қазақстанның  Халық әртісі әнін де шырқап, биін де билеп, салтанатты шараның тізгінін ұстады. Еске салсақ, Зейін қазан айында дүниеге келген еді, ал жұлдызды отбасы алғашында бұл ақпаратты жасырған-ды.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: