Лимон қосылған су салауатты өмір салтының айнымас ережесіне айналды. Велнес-инфлюенсерлер ашқарынға лимон қосылған су ішуді трендке айналдырды. Олардың пікірінше, мұндай әдет бауырды тазалап, салмақты азайтуға көмектеседі. Сусынның іс жүзіндегі пайдасы қандай? Бірге анықтайық.

Лимон қосылған су тері үшін пайдалы ма

«Лимонның құрамында теріміз үшін расында маңызы бар С дәрумені кездеседі. Ол коллагеннің өндірілуіне ықпал етеді және ультракүлгін сәулеленуден қорғайды. Оның үстіне, суға лимон қоса отырып, сіз көбірек сұйықтық ішесіз, ал бұл дегеніңіз теріге оң ықпал етеді», — деп жауап берді диетолог Софи Медлин.

Лимон қосылған судың арықтататыны рас па?

Алайда, жағымсыз жаңалықтар да бар. Жасартатын қасиеттерімен қатар лимон қышқылы тістеріңізді құртады. «Лимон қосылған бір стақан судағы С дәруменінің көлемі аса көп емес. Көзге көрінетіндей нәтижеге қол жеткізу үшін жеміс-жидек жеген жақсырақ».

Лимон қосылған су салмақ тастауға көмектесе ме

Фитнес-гуру лимон қосылған су сізді іштегі артық майдан арылтады дейді. Алайда Софидің айтуынша, бұл шындыққа жанаспайды. «Кеміргіштерге жасалған зерттеулерге сүйенсек, грейпфрут шырынын ішу салмақты азайтады. Алайда лимон қосылған су салмаққа немесе зат алмасу жылдамдығына әсер ететініне ешбір дәлел жоқ».

Ас қорытуға ықпалы

Көңіл көншітпейтін жаңалық: цитрусты суды жиі пайдалану ішекке жақсы әсер етпейді. «Лимон қышқылы бактерияларды ыдыратады, алайда асқазанға түскен кезде сілекейлі қабықты тітіркендіруі мүмкін», — деп түсіндіреді Медлин.

Лимон қосылған судың арықтататыны рас па?

pH-баланс

Лимон қосылған су pH-балансты сақтай ма? Бұл да кеңінен таралған мифтің бірі. Лимон қышқылының деңгейі pH 2 құрайды. Асқазанға түскен ол pH-балансқа басқа азық-түлік өнімдері сияқты әсер етеді», — дейді диетолог.

Лимон қосылған су суық тигенде көмектесе ме?

Иә! Егер сізге енді суық тиіп бастаса, дереу лимон қосылған суды ішіңіз. «С дәруменінің иммундық жүйе үшін маңызы зор және ағзаны дәруменнің қажетті көлемімен қамтамасыз ету сізге сауығуға көмектеседі», — дейді Софи.

Токсиндерді шығаруы

Софидің айтуынша, тамақтану өнімдерінде токсинді ешнәрсе жоқ. «Шылым шегу, алкоголь, қарқынды дене жаттығулары, тамақтануды шектеу бос радикалдардың жиналуына, ағзаның зақымдалуына әкеп соғуы мүмкін. С дәрумені сияқты антиоксиданттар оларға қарсы тұруға көмектеседі».

Лимон қосылған судың арықтататыны рас па?

Қабынуға қарсы әсері

Жоққа шығаруды қажет ететін тағы бір миф. Қышқылдың ұдайы ауыз қуысы мен көмейге әсер етуі қабынуға әкеп соғуы мүмкін. Ылғандандыруға қатысты да солай. Қарапайым су лимонды сусынға қарағанда ағзадағы сұйықтық деңгейін жақсырақ сақтайды.

С дәруменінің көзі

Белгілі болғандай, алдыңызда лимон мен апельсин жатса, соңғысын таңдаған жөн. Себебі апельсин құрамында С дәрумені көбірек кездеседі.


Harper’s BAZAAR Kazakhstan.

Поделиться: