M’Dee жаңа альбомының тұсауын кесті! Үнтаспада Батырхан Шүкеновпен дуэт бар екені рас па?

04 апреля 2025

«Алматинский джаз, Vol.3» жарық көрді! M’Dee көптен күткен жаңа альбомын өзінің туған күнінде жарыққа шығарды. 9 тректен тұратын альбомда екі дуэт бар.

Оның бірі — AYAU және Rusha-пен жазылған «Как дома», ал екіншісі — ерекше коллаб: марқұм Батырхан Шүкеновпен бірге жазылған трек. Мәди Тоқтаров маэстроның «Пламя и лёд» композициясын жаңаша өңдеп, жаңа дем берген. Тректе сондай-ақ, Батырдың даусын да ести аласыз.

Синглдің тизерінде «Дождь» клипінен таныс локациялар мен Maserati Quattroporte көлігі қолданылған. Бұл дуэтті жарыққа шығару үшін M’Dee Наргиз бен Максұт Шүкеновтен арнайы рұқсат алған екен.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото: Instagram @mdeemusic

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше