Мүмкін емес ештеңе жоқ: жетістікке ұмтылу туралы фильмдер

02 апреля 2025

Кім жетістікке жетуді армандамайды? Жетістік адамның алдындағы көптеген есіктерді ашады: сәтті таныстық, қаржылық тұрақтылық, мойындалу, атақ — мұның бәрі шабыттандырмай қоймайды. Алайда жоғарыға апарар жол әрдайым оңай емес. Кейде қалағанына жету үшін кейіпкерлер өзінің жайлы аймағынан шығып, түрлі қиындықтарды жеңуі керек. Біз психолог Светлана Золотаревамен бірлесіп дайындаған төмендегі фильмдер жетістікке деген ұмтылыс жайлы.

Бұл керемет өмір, 1946

https://www.youtube.com/watch?v=4IgHriq5XvQ

Табысты отбасы иесі әрі компания басшысы өз-өзіне қол жұмсауды ойлай бастағанда, оған періште келеді. Ендігі де кейіпкер өзі болмаған жағдайда жақындарының өмірі қандай болатынына куә болады.

Жылтыр, 1996

https://www.youtube.com/watch?v=8_p6-cAMr_g&source_ve_path=OTY3MTQ

Балалық және жастық шағы қаншалықты ауыр болса да, бүкіл әлемге танымал пианист Дэвид Хелфготт өз армандарынан бас тартпайды. Оның даңққа жету жолы қандай болды екен?

Million Dollar Baby, 2004

https://www.youtube.com/watch?v=9SdGoLWNTBU

Қыз баласы мен бокс үйлесе ме? Қоғам бұл спорт түрін әлі де «ерлерге арналған» деп санайды. Бірақ қайсар да мақсатты Мэгги мұндай стереотиптерді тас-талқан етеді.

Періште, 2007

https://www.youtube.com/watch?v=d5Wh34edHew

Бас кейіпкер жазушы болуды армандайды. Бірақ ХХ ғасырдың басындағы ағылшын қоғамында биікке жету үшін ол қаншама әлеуметтік тосқауылдардан өтуі керек.

Джули мен Джулия: бақытты рецепт бойынша әзірлейміз, 2009

https://www.youtube.com/watch?v=2JlyF6rxSEw

Екі тағдыр. Екі әйел. Екі дәуір. Бірақ мақсат бір — жетістікке жету. Оларға оңай соқпайтыны анық. Алайда кез келген қиындық оларды тоқтата ма?

Шынайы өмір, 2012

https://www.youtube.com/watch?v=T3uho--9kBY

Балық шаруашылығымен айналысатын Лучано танымал реалити-шоуға қатысуды ұйғарғанда, өзі де өзгереді. Бірақ оны шын мәнінде жетістік күтіп тұр ма?

Жұлдыз, 2014

https://www.youtube.com/watch?v=y5NURZyGIQk

«Мен актриса болғым келеді!» — бұл арман жас қыздың жүрегінде өмір сүреді. Сол жолда оған өзінің сән-салтанатты өмірінен шаршаған жас жігіт кездеседі. Кенеттен тағдыр оларды тоғыстыруды ұйғарады.

Тәуелділік, 2014

https://www.youtube.com/watch?v=Bi-8wod5EEk

Жұлдыз болуды армандаған кейіпкер әйгілі музыка консерваториясына түседі. Енді оны тоқтату мүмкін емес.

Джой, 2015

https://www.youtube.com/watch?v=tJ5AeayK9iI&embeds_referring_euri=https%3A%2F%2Fharpersbazaar.kz%2F&source_ve_path=OTY3MTQ

Ол жай ғана жалғызбасты ана еді. Бірақ қарапайым бір күні елдегі ең табысты кәсіпкер әйелдердің біріне айналуға бел буады.

Шедевр, 2019

https://www.youtube.com/watch?v=ioH06mXP528&embeds_referring_euri=https%3A%2F%2Fharpersbazaar.kz%2F&source_ve_path=OTY3MTQ

Жетістікке жету жолында адамдар кейде ережеге бағынбайды. Мәселен, дәл осы оқиғаның бас кейіпкерлері алаяқтыққа бет бұрады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Қорлан Тұрсынбекова. Источник заглавного фото. Shutterstock. Автор. Impact Photography.

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше