Made in KZ: Жаңа жылға арналған отандық фильмдер тізімі

22 декабря 2023

Жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл-күйді сезіне алмай жүрсіз бе? Отандық киногерлер бұл орайда сізге көмектесе алады. Harper`s BAZAAR Kazakhstan Happy New Year тақырыбында атмосфера мен сиқырға толы фильмдер тізімін ұсынады. Еліміздің нарығынан шыққан ленталармен танысып, 31-ші желтоқсанға дейін ерекше сезімге бөленіңіз.

Дәл осы жылы режиссер Дархан Сәркенов «Аяз Аға» атты фэнтези ұсынды. Кинонарыққа қосылған алғашқы ертегіде Баян Алагөзова – жалмауыз кемпір, Бақтияр Қожа – Аяз Ата, Рамазан Амантай – ельф, ал Адина Бажан – Ақша қардың рөлін сомдайды. Сондай-ақ, сиқырға толы фантастикада Рүстем Жаныаманов, Әсел Сағатова, Медет Аманбаев бой көрсеткен. Лента бүгінде кинотеатрларда прокатта.

https://www.youtube.com/watch?v=fOct2pCSwcQ

«С Новым Годом, Девчонки!» - нағыз жаңа жылдық вайбты сезіндіретін картина. 2022 жылы режиссер Асқар Бисембин таспалаған фильм комедия жанрында. Туындыда Дана Есеева, Жәния Джуринская және Сая Оразғалиева басты кейіпкерлер. Олар жақын құрбылар болып, бірін-бірі қиын кезеңдерден құтқармақ.

https://www.youtube.com/watch?v=OpvYArs3iLA

Кинопродюсер Әсел Сәдуақасованың «Келинка тоже человек - 2» фильмі жаңа жыл мерекесіне арналған. Отбасылық комедиядан Розы Рымбаева, Әбунасыр Серіков, Данагүл Темірсұлтанова, Әсел Сәдуақасова және Данияр Алшыновты көре аласыздар. Басты кішкентай кейіпкер – блогер әрі вайнер Аминока (Амина Малғаждар). Еске салсақ, Асқар Ұзабаевтың режиссерлығымен таспаланған жоба 2020 жылы жарық көрді.

https://www.youtube.com/watch?v=cqWFxNNrt7w

Әсел Сәдуақасованың кинопродюсерлігімен таспаланған тағы бір жаңа жылдық туынды – «Класстастар» комедиясы. 2018 жылы ұсынылған лента қыс мезгілінде түсірілген. Сценарий желісі мерекеде бас қосқан сыныптастар жайында. Олар мектеп бітіргеннен кейін, 18 жыл өткен соң бір-бірімен кездеседі.

https://www.youtube.com/watch?v=kKHAlEYan8k

Тағы бір ерекше лента – «Алдас Көсе XXI-ші ғасырда». Режиссер Азиз Өмірзақовтың фильмі 2015 жылы жарық көрді. Комедияда Аяз Ата, Санта-Клаус және ертегі кейіпкері Алдар Көсе болмақ. Марқұм Фархад Әбдірайымов атсалысқан картина көрерменді ғажайыптарға сенуді ұмытпауды үйретеді.

https://www.youtube.com/watch?v=UMjD60Mjt68

Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Постер фильма «Аяз Аға»

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше