Мадлен желіде жан сырын ақтарды. Блогер инстаграм stories-ында сұрақ-жауап айдарын жасап, оқырмандарының көкейіндегі сауалдарға ойын ашық білдірді. Бір оқырман Мадина Мамадалиеваға «тұрмысқа шығуға дайынсыз ба?» , — деген сұрақ қойған. Мадлен бұл орайда «әзірге дайын емеспін, ана атану туралы да ойламаймын», — деп жеке пікірін білдірді.
Мадленге сондай-ақ, бай ер азаматтың екінші жары болу туралы да сауал түсті. Блогер «қаласам бұрын-ақ болып алар едім, бірақ маған тиесілі дүниені ешкіммен ортақтаса алмаймын, соған байланысты басы бос жігітті кездестіруді қалаймын. Тіпті ақшаның өзі менің пікірімді өзгерте алмайды» , — деп отыр.


Фото: Instagram @_m_a_d_l_e_n
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @_m_a_d_l_e_n