Мадонна Меган мен Гарриге өзінің Ньй-Йорктегі пәтерінде тұруды, нақтырақ айтсақ, оны жалға алуды ұсынды. Әнші өзінің Instagram парақшасына Сассекс герцогы мен герцогинясы туралы өз ойын айтқан видео жариялады. Роликтің астына ол «Меган мен Гарри ханзада менің Орталық саябақтағы пәтерімді жалға алмай ма екен?» деп жазды.

 «Канадаға бармаңыздар. Онда іш пысады. Мен оларға өзімнің Орталық Вест саябағындағы пәтерімді жалға берер едім. Онда екі жатын бөлме бар. Пәтерден Манхэттеннің көздің жауын алатын әдемілігін тамашалауға болады», — дейді поп-жұлдыз өз видеосында.

Мадонна Меган мен Гарриге өз пәтерінде тұруды ұсынды
Мадонна Меган мен Гарриге өзінің Ньй-Йорктегі пәтерінде тұруды

Меган мен Гарри қай жерге тұрақтайтындарын жария етпегенімен, көпшілік жұпты Канадаға көшуді көздейді деп болжайды. Себебі бұған дейін олар отбасылық демалысын Британдық Колумбияда өткізіп, өздерінің патша отбасынан кететіндерін мәлімдегеннен кейін кері Канадаға ұшып кеткен болатын.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Shutterstock.com.

Поделиться: