«Махаббат күнімен»: Отандық жұлдыздар қазақша ғашықтар күнін қалай атап өтті?

16 апреля 2025

15 сәуір – Қазақстанда ғана тойланатын ерекше мереке. Бұл күн махаббат пен адалдықтың символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға арналған. Биыл да бұл күнді отандық шоу-бизнес өкілдері ерекше көңіл-күймен атап өтті. Олар сүйіктілеріне тосын сый жасап, әлеуметтік желілерде әсерлі жазбалар мен жылы фотолармен бөлісті.

Сүйіктілеріне арналған тосын сый

Жайдарманшы Асқар Оразбаев пен музыканттар Ильхан Ихсан мен Adil өз сүйіктілеріне ерекше романтикалық кеш ұйымдастырды. Жүрекше шарлармен безендірілген бөлмеде үш жұпқа арналған кешкі ас ұсынылып, қабырғаға «Мен сені жақсы көремін» деген жазу жазылған. Bota Mia, Ari және Aii бұл әсерлі күннен естелік сурет және видеоларды өз парақшаларында бөлісті.

«Мен әлі күнге дейін оның маған қалай тұрмысқа шыққанына сене алмай жүрмін!» – бұл музыкант ALEM-нің жүрекжарды лебізі. Әнші ғашықтар күніне орай сүйіктісі Вероника Жанғалованы құттықтап, оның әдемі фото суреттерін жариялады.

ZAQ отбасына арнап ән жазды

Рэпер ZAQ та бұл күнді ерекше көңілмен қарсы алды. Ол да декрет уақытында жары мен қызына арнап ән жазғанын әзілмен жеткізді. «Декреттік демалыста отырып, байқамай жұбайым мен қызыма арнап ән жазып қойдым», – деген посттың астында әнге түсірілген бейнебаян үзіндісін жарияланды. Өнерпаздың айтуынша, сезімге толы тректің тұсаукесері алдағы уақытта.

Қазіргі заманғы Қозы мен Баян

Баян Алагөзова мен Тұрсын Алагөзов ғашықтар күнін Түркияда атап өтті. Продюсер Instagram парақшасына жұбайымен түскен әдемі фотоларды жүктеп, өздерін Қозы мен Баянға теңеді. Жұлдыз жұппен бірге олардың кішкентай қыздары Алма мен Алиса да демалыста жүр.

15 сәуір – махаббатқа толы ерекше күн. Бұл күні отандық жұлдыздар жүрекжарды жазбаларымен, романтикалық сәттерімен және шынайы сезімдерімен желі қолданушыларын қуантты. Үлкен гүл шоқтары, жанға жайлы атмосфера, отбасыға арналған әндер — жұлдыздар үшін бұл күн шын мәнінде ерекше есте қалатыны сөзсіз.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото: Instagram @bayanmaxatkyzy

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше