Мамыр айына арналған жорамал: жұлдыздар әр белгіге не дайындады?
Фото. Жарқынай Әділхан.

Мамыр айына арналған жорамал: жұлдыздар әр белгіге не дайындады?

04 мая 2026

Мамыр айының келуімен ішкі түйсігіңіз бен сыртқы жағдайлар бір арнада тоғыса бастайды. Бұл айда тағдыр белгілерін күтіп отыру жеткіліксіз — болып жатқан оқиғаларға белсенді араласу маңызды: талдау жасау, қорытынды шығару және болашағыңызға әсер ететін шешімдер қабылдау қажет. Сонымен қатар, өзіңізді тыңдап, ойыңызды айқын ұстай білсеңіз, бұл кезеңнің бар мүмкіндігін тиімді пайдаланып, жағдайды өз пайдаңызға бағыттай аласыз. Қалғанын мамыр айына арналған жұлдыз-жорамалдан біле аласыз.

Тоқты

Бұл — көптен күткен нәтижеге жетер алдындағы соңғы кезең. Бұған дейінгі еңбектеріңіз өз жемісін бере бастайды, бірақ босаңсуға әлі ерте. Нақты әрі маңызды нәтижеге жету үшін табандылық танытып, өз мүддеңізді қорғауға дайын болуыңыз керек. Батыл әрекет етіңіз, бірақ шектен шықпаңыз — артық қаталдық қарым-қатынасты бұзуы мүмкін. Жұмыс саласында бастаманы қолға алсаңыз, үлкен серпіліс болуы ықтимал. Ал жеке өмірде қысым көрсетпей, жұмсақтық танытқан дұрыс.

Торпақ

Бұл ай оқиғаларға толы, қарбалас болмақ. Жаңа таныстықтар, кездесулер мен ұсыныстар күтіп тұр, олар мансапқа да, жеке өмірге де әсер етуі мүмкін. Дегенмен, мүмкіндіктермен бірге ұқыптылық та қажет. Айналаңыздағы әр адам шынайы бола бермейді, сондықтан жағдайды салқынқанды бағалаңыз. Жұмыста тиімді келісімдер болуы мүмкін, бірақ шарттарды мұқият тексеріңіз. Қарым-қатынаста шыдамдылық пен шынайылық байланысыңызды нығайтады.

Егіздер

Мамыр Егіздерге жеңілдік пен бақылау сезімін сыйлайды. Көптеген жағдайлар сіздің пайдаңызға шешілетіндей әсер қалдырады. Қаржылық өсімге де қолайлы кезең: қосымша табыс немесе қызметте өсу мүмкін. Жұмыста еңбегіңіз бағаланып, қызықты жобалар ұсынылуы мүмкін. Жеке өмірде де жағымды өзгерістер — жаңа таныстықтар немесе қарым-қатынастың тереңдеуі байқалады. Ең бастысы — мүмкіндіктерді жіберіп алмау.

Гороскоп на май
Фото. Жарқынай Әділхан.

Шаян

Мамырда Шаяндар өмірге саналы әрі стратегиялық тұрғыда қарауы керек. Кенет шешімдерден гөрі нақты жоспарға сүйеніңіз. Әсіресе, айналаңыздағы адамдарға мән беріңіз — олар сіздің дамуыңызға тікелей әсер етеді. Қолдау көрсететін жандармен байланысыңызды нығайтып, дамуыңызға кедергі келтіретіндерден алыстаңыз. Жұмыста табыс командалық әрекет арқылы келеді. Жеке өмірде ашық сөйлесуден қорықпаңыз.

Арыстан

Алдыңызда өмір бағытын анықтайтын маңызды таңдау тұруы мүмкін. Эмоцияға берілмей, асығыс шешім қабылдамаңыз. Ақылмен әрекет ету және өзіңізбен шынайы болу дұрыс жолды көруге көмектеседі. Жұмыста жайлылық аймағынан шығуды талап ететін ұсыныстар болуы мүмкін — дәл солар дамуға жол ашады. Жеке өмірде артық драмадан аулақ болып, серіктесіңізді тыңдауға тырысыңыз.

Бикеш

Мамыр — тыныш, бірақ өте өнімді еңбек кезеңі. Жоспарларыңызды ерте жарияламағаныңыз жөн. Ниетіңізді аз адам білсе, алға жылжу оңайырақ болады. Басталған істерді соңына дейін жеткізіп, ұсақ-түйекке мән беріңіз. Бұл тәсіл сіздің кәсіби беделіңізді арттырады. Жеке өмірде де артық сөзден гөрі әрекет маңызды.

Гороскоп на май
Фото. Жарқынай Әділхан.

Таразы

Қазір жағдайды өз қолыңызға алу маңызды. Басқалардың пікіріне немесе жағдайға тым тәуелді болу сізге зиян тигізуі мүмкін. Қиындықтар туындаса, сабыр сақтап, жүйелі әрекет етіңіз. Жұмыста істерді кейінге қалдырмай, басымдықтарды дұрыс анықтаңыз. Жеке өмірде түсініксіздік болуы мүмкін, бірақ ашық әңгіме бәрін реттейді.

Сарышаян

Мамыр Сарышаяндарға күш-қуат сыйлайды, оның басты көзі — махаббат немесе терең қызығушылық. Бұл сезім сізге сенімділік пен шабыт береді. Егер романтикалық қатынас болса, ол жаңа деңгейге көтерілуі мүмкін. Ал жұмыс немесе шығармашылықта үлкен жетістіктерге жетесіз. Тек эмоцияны бақылауда ұстауды ұмытпаңыз.

Мерген

Жұмыс ортасында қарым-қатынастар өзгеруі мүмкін. Бұл басшылықпен де, әріптестермен де байланысты болуы ықтимал. Бастапқыда өзгерістер түсініксіз көрінгенімен, уақыт өте пайдалы болады. Қиындықтар сіздің мықты тұстарыңызды ашуға көмектеседі. Өзіңізге сенімді болып, пікіріңізді қорғаудан қорықпаңыз. Жеке өмірде де құндылықтарды қайта қарау кезеңі.

Гороскоп на май
Фото. Жарқынай Әділхан.

Тауешкі

Жұлдыздар сізді өз мақсаттарыңызды қайта ой елегінен өткізуге шақырады. Бұл — шынайы қалауыңызды анықтайтын уақыт. Кейбір мақсаттар сырттан таңылған немесе маңызын жоғалтқан болуы мүмкін. Ішкі қанағат әкелмейтін нәрселерге ұмтылудың қажеті жоқ. Өзіңізге сай бағыт таңдаңыз. Жұмыста басымдықтарды қайта қараңыз, ал жеке өмірде сізді шын бақытты ететін нәрсені түсініңіз.

Суқұйғыш

Жаңа істерді бастамас бұрын, бұрынғы жұмыстарды аяқтаған дұрыс. Бұл артық жүктемеден сақтап, күйзелісті азайтады. Жұмысты бірізділікпен, сапаға мән бере отырып орындаңыз. Бұл сіздің кәсіби беделіңізді нығайтады. Жеке өмірде де маңызды қарым-қатынастарға көңіл бөліңіз.

Балықтар

Мамыр — мүмкіндіктерге толы кезең. Оларды тиімді пайдалану сіздің шоғырлану қабілетіңізге байланысты. Жұмыста жаңа ұсыныстар мен бағыттар пайда болуы мүмкін. Бірақ әр ұсынысты мұқият сараптап, күмәнді жобалардан бас тартыңыз. Ұжымда қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік бар. Жеке өмірде де үйлесімге қол жеткізу үшін тұрмыстық және эмоциялық жағдайға назар аударыңыз.


Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше