Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды
Фото. Shutterstock.com. Авторы. Qasimphotographer.

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды

25 сентября 2026

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде адам шығынына әкелген төтенше жағдай болды. Каспий теңізінің жағалауында жеке құрам жоспарлы оқу-жауынгерлік тапсырманы орындап жатқан сәтте ауа райы күрт бұзылып, екпінді жел 17 адамды ашық теңізге алып кеткен. Дереу іздестіру-құтқару жұмыстары басталды. Өкінішке қарай, 12 әскери қызметшінің қаза тапқаны белгілі болды. Үш адам аман құтқарылды, тағы екеуін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, болған жағдайдың себептері мен мән-жайын жан-жақты зерделеу үшін арнайы үкіметтік комиссия құрылды. Елді есеңгіреткен ауыр қазаға байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қыркүйекті жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Трагедия в Мангистау: в Казахстане объявлен общенациональный траур
Фото. Shutterstock.com. Авторы. Gergitek.

Harper’s BAZAAR Kazakhstan редакциясы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына, туған-туыстары және қаруластарына шын жүректен көңіл айтады. Осынау азалы күні біз Қазақстан халқымен бірге марқұмдарды еске алып, жақындарының қайғысына ортақтасамыз. Із-түзсіз кеткен екі азаматтың аман табылуына үміттенеміз. Қаза болғандардың иманы саламат, жандары жәннатта болсын.


Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше