Мақпал Исабекова отбасында болып жатқан проблемаларымен бөлісті. Инстаграм парақшасында оқырмандарына ағынан жарылған әнші соңғы кездері күйеуімен тіл табыса алмай, араларында түсініспеушіліктер болып жатқанын мойындады. Бүгінде декреттік демалыста отырған Макосяй тіпті болған оқиғадан кейін, күйзеліске түсіп, психологқа жүгінген. Кәсіби маманға ішіндегі мұңын шаққан Исабекова терапиядан кейін көзіне жас алды.

«Бүгін көп жыладым. Ішімдегі мұңым көп. Себебі – күйеуіммен түсініспеушіліктер. Отбасылық өмір – арадағы қатынасты үзбеу, ойыңды айту және ортақ бір келісіміге келу. Әрдайым солай болмайтыны өкінішті-ақ. Қазір конфликтке түссем айқай шығарып, эмоцияға берілуім тез. Менің ойымша мені ешкім естімейтін сияқты.» , — деп Мақпал Исабекова инстаграм stories-ында жазба қалдырды.

Соңғы кездері фолловерлерінен жеке өмірін жасырмайтын, шынайы Мақпалға бәрі оңалып кетсін деп тілейміз.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @makosyai Автор. @vlasova_anasteisha.

Поделиться: