Қазақстандағы коронавирус жаңа қарқын ала бастады. 16 наурыздан бастап, елде төтенше жағдай енгізілді. Алайда қазақстандықтардың оптимизмінде шек жоқ. Қазақстандық композитор Марат Омаров вируспен әннің көмегімен күресуге бел буды. Әнші ауруға «жақындама, кет» деп, көңілге қонымды композицияны ойнады. Омаров сондай-ақ барша халықты ұлттық челленджге қосылуға шақырды!

Әннің әлеуметтік желі қолданушылары мен басқа да әртістерге ұнағаны соншалықты, желіде көптеген каверлер пайда болды. Біз солардың ішінен ең танымалдарын жинақтадық.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

#coronaviruschallenge is going out of control. Russian, Kazakh, English, Italian languages. Original music and rus/kz lyrics by @marat_omarov_kz . @mdeemusic @thelimba and me are just spreading it around to keep the positive vibe! Do it too! / #coronaviruschallenge выходит из под контроля. Казахский, Русский, Английский и Итальянский Язык. Оригинальная музыка и слова на казахско-русском: @marat_omarov_kz ! А @mdeemusic @thelimba и Я просто начали каверить эту ВИРУСную песню 😏 сделайте это и вы, всё равно дома сидим.

Публикация от Asiya (@asiyamusic)

Және ең қызығы – Марат Омаровтың, Әсияның, M’Dee мен The Limba-ның ремиксі.

Жалпы қазақ фольклорына, әдебиетіне көз жүгіртсек, ел арасында осындай кесел, ауру келсе, халық бәдік өлең айтып,  оны адамнан-малдан аластатқан. «Асқар-асқар тауға көш, ағыны қатты суға көш, айнала соққан желге көш, иесіз қалған жұртқа көш» деп, ауру адамның дертін өлеңмен арбап, қуып шығуға тырысқан. Кейін мұндай бәдік өлеңді ауылдың қыз-жігіттері топ-топ болып айтып, біртіндеп бәдік айтыс пайда болған.


Harper’s BAZAAR Kazakhstan.

Поделиться: