Жұлдыздардың танымалдылыққа дейінгі кездері әрқашан да қызық. Әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолын бастамай тұрған сәттерін жиі көргісі келеді. Harper`s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына саяхат жасап, бүгінгі таңда қандай өзгеріске ұшырағандарын ашып көрсетпек. Біздің «Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» яғни «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – актриса, каскадер және цирк әртісі Марйам Сатай.
Марйам Сатайды туа біткен талант десек артық айтпаспыз. Актриса бала күнінен бастап Халық әртістері, яғни өнерде жүрген ата-әжесінің тәрбиесінде өскен. Оған қоса, Марйамның көпшілік назарында жүруіне әкесі Ақан Сатаевтың да үлесі зор. Танымал режиссердің қызы ретінде де Мариды халық біле бастаған болатын.
![«Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» Марйам Сатай балалық шағындағы фотосуретін көрсетті](https://harpersbazaar.kz/wp-content/uploads/2024/02/img_2661.jpg)
![«Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» Марйам Сатай балалық шағындағы фотосуретін көрсетті](https://harpersbazaar.kz/wp-content/uploads/2024/02/img_5421.jpg)
Десе де, Марйам өнерде талантымен танылды. 2016 жылдан бастап үлкен кинода жүрген актриса, бүгінде сұраныстағы жұлдыздар қатарында. Кішкентай кезінен қылықты болып өскен Мари, сондай-ақ, каскадер. Ол әлемге әйгілі Nomad Stunts тобының мүшесі.
![«Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» Марйам Сатай балалық шағындағы фотосуретін көрсетті](https://harpersbazaar.kz/wp-content/uploads/2024/02/img_2659.jpg)
![«Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» Марйам Сатай балалық шағындағы фотосуретін көрсетті](https://harpersbazaar.kz/wp-content/uploads/2024/02/img_5422.jpg)
Сегіз қырлы бір сырлы аруды цирк сахнасынан да көре аласыз. Бала күнінен дәл осы салаға қызығушылықпен өскен Марйам тыңбай еңбек еткенінің арқасында цирк әртісі атанды. Аттың құлағында ойнайтын Сатай-тегі біршама саланы қатар алып қана қоймай, аяулы жар және үлгілі ана болып жүр. Оған қоса, өзінің табиғи сұлулығымен де көптеген қыздарға мотиватор.
![«Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» Марйам Сатай балалық шағындағы фотосуретін көрсетті](https://harpersbazaar.kz/wp-content/uploads/2024/02/img_2660.jpg)
![«Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» Марйам Сатай балалық шағындағы фотосуретін көрсетті](https://harpersbazaar.kz/wp-content/uploads/2024/02/img_5423.jpg)
Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.