Шетелдік басылымның хабарлауынша, «Матрица 4» картинасының түсірілімдері Сан-Францискода өтіп жатыр. Шығармашылық процесс өтіп жатқан қала аудандарының тұрғындары кейбір сахналарды өз көздерімен көрді. Интернет желісінде қара киім киіп, сақтандыру арқандары байланған екі адам биік ғимараттан секіріп бара жатқан ролик пайда болды.

Бұл екеудің каскадерлер екені не Киану Ривз, Кэрри-Энн Мосс, Яхья Абдул-Матин II, Нил Патрик Харрис немесе Приянка Чопра сияқты фильм жұлдыздары екені белгісіз.

Биіктен секірді: «Матрица 4» фильмінің түсірілімдері қалай өтіп жатыр?

Естеріңізге сала кетейік, 55 жастағы Киану Ривз «Матрица 4» фильмінде қайтадан Неоның рөлін сомдайды. Бұған дейін актер Сан-Францискода түсірілімдер кезінде бірнеше рет көзге түсті. Аталмыш туындының тұсауы 2021 жылдың 21 мамырында кесілуі тиіс.


Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Сурет. «Матрица» киносынан кадрлар.

Поделиться: