Коронавирус пандемиясына байланысты медициналық масканы іздеп-табу қиынның қиыны болып тұр. Олардың бағасын реттеуге қаншалықты тырысқандарына және аталмыш мед.құралдарды дәріханалардың сатылымына барынша көптеп шығарғанына қарамастан, маскалар ұдайы жетіспеуде.

Сән үйлері өздерінің дизайнерлік маскаларын жасап шығарып, оларды сол сәтте сатып жіберді. Олардан үлгі алып, масканы өз бетімізбен жасасақ қайтеді?!

Маска іздеп-табу үшін бүкіл қаланы аралап, сенделмеу үшін және сақтану мақсатында мектеп кезіндегі ОБЖ (Тіршілік қауіпсіздігі негіздері) сабақтарын еске алайық. Мектепте бізді әрдайым ТЖ-ға дайындап, дабыл дыбысы естілген жағдайда партаның астына жасырынуды, үйден мақта мен дәкеден таңғыштар жасауды үйрететін.

Араға көп жыл салып, медициналық масканы жасау дағдылары бүгін өкінішке орай, қажетке жарап-ақ тұр. Бала кездеріңіздегі білімді жаңғыртып, өз қолымызбен маска жасаудың тәсілдерін сипаттамақпыз.

Нақты өлшемдерді әрбіріңіз өзіңізге сай етіп реттей аласыз, ал біз шамалап, ересек адамға арналған өлшемдерді көрсетеміз.

Бірінші нұсқа. Қарапайым маска.

Қарапайым мақта мен дәкеден әзірленетін медициналық маска үшін:

  • 80 х 40 см өлшемді дәкенің немесе енді бинттің жолағы
  • мақта
  • бинттің  ұзындығы шамамен 30-35 см кішкентай жолақтары ( немесе ленталар, баулар, тігіншілер резеңкелері) қажет.
марля

Дәкені немесе бинтті ұзын жағынан екіге ораймыз. Осыдан соң ені 20 см жолақты төртке ораймыз. Орта бөлігіне мақта толтырып, «жастықшаны» шетінен тігіп, масканы бетіңізге тағуға көмектесетін ленталарды қосып тігеміз.

Масканы бір рет қолдануға болады, сондықтан бір сағаттан соң шешуге тура келеді!

Екінші нұсқа. Масканың жақсырақ түрі.

Бұл нұсқа алдыңғы нұсқаға ұқсас жасалады. Тек бұл жолы 80 х 40 см өлшемді дәкені немесе енді бинтті ұзын жағынан орау қажет.

Осыдан кейін екі жағынан 30-35 см өлшеп алып, ұзына бойымен ортасына қарай қиыңыз. Бұл байлайтын таспаның орнын алмастырады. Орта бөлігіне төрт рет оралған дәкені немесе бинтті қойыңыз. Нәтижесінде әр жағы 20 см-лік тығыз шаршы пайда болады.

Масканың мұндай нұсқасы бірнеше сағатқа арналған. Оны жууға және үтікпен термиялық өңдеуге болады. Маска ұзағырақ қызмет етуі үшін тек мақтаны жиі ауыстырып отыру керек.

Үшінші нұсқа. Масканың дамыған түрі.

Матадан жасалған медициналық маскалар мақталы-дәкелі таңғыштарға қарағанда мықтырақ және көбірек қолдануға жарайды.

Медициналық масканы өз қолымызбен жасаймыз!

Мұндай масканы қолдану жасау үшін қажет емес киімнен қалған маталар қажет (ол киім де, жастықтыс та болуы мүмкін. Бастысы табиғи мата, мысалы мақта болуы тиіс).

Шамаланған өлшемі 50 х 30 см мата әзірлемесін екіге орау қажет. Ұзына бойынан екі жағынан тігіңіз. Бет жағына бұрып, тігіс ұзын жағының ортасында анық болатындай етіп орналастыру керек.

Мұнымен іс бітпейді Болашақ масканы осыдан соң екіге орап, қысқа жағынан шетінен 1 см қалдырып, тігіп шығамыз.

Және соңғысы… Төрт бұрышты бұйымды қайтадан ортасына тігіспен орналастырылып, масканың жиегіне резеңке немесе таспа қойып, тігеміз.

Мұндай маскалар әдеттегі медициналық маскалардан кем түспейді. Мұндай масканы үйден шықпай-ақ, қолыңызда бар дүниелерден жасап алуға болады. Оның үстіне, қолөнер карантин кезінде өзіңізге ғана емес, балаларыңызға да алданып, уақыт өткізуге мүмкіндік береді.


Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Сурет. Shutterstock.com, Pexels.com.

Поделиться: