Harper’s BAZAAR Қазақстан редакциясы «Мен туралы беймәлім 5 факт» атты жаңа материалдар топтамасын шығарды. Бүгін Инди Еділбаева өзіне жаңаша көзқараспен қарауға көмектесетін жеке әңгімелерімен бөліседі.

Инди Еділбаева

1. Мен жүзе алмаймын

Бес жасымда туыстармен бассейнге бардық. Сонда жүзіп жүріп, «Анашым!» деп айқайлағым келді, бірақ қандай да бір себептермен мен мұны істей алмадым. Кенет барлығы шулап кетті. Ал мені қолымнан ұстап судан шығарып алды. Сол кезде суға батып бара жатыр екенмін.

2. Мен кинотеатрда кассир болып жұмыс істедім

Студент кезімде түнгі клубта әнші болып жұмыс істедім, бірақ одан да көп ақша тапқым келді. Сол кезде Ақтөбеде жаңа кинотеатр ашылып, мен сол жерде тәжірибеден өту үшін кассир болып жұмысқа орналастым. Бұл өте қызықты уақыт болды. Бірақ кейін оқумен екі жұмысты алып жүре алмағандықтан кетіп қалдым.

3.Мен үй жануарларын ұнатпаймын

Біріншіден, мен олардан қатты қорқамын және олар маған үнемі секіретін сияқты. Екіншіден, олардың иісіне шыдай алмаймын.

4. Анам мені Марта деп атағысы келді

Өйткені мен наурыз айында дүниеге келдім. Тағы атақты әнші Азизаға ұқсасын деп осы есімді бермекші болған. Бірақ соңында Индира Ганди сияқты мықты әйел болсын деп Индира атады. Кішкентай кезімде есімімді ұнатпайтынмын. Маған айдай сұлу деген мағынаны білдіретін — Айсұлу деген есім ұнайтын.

5. Мен фастфудсыз өмір сүре алмаймын

Рас, соңғы кездері мен зиянды тағамнан бас тарту туралы жиі ойлайтын болдым, өйткені ол денсаулыққа кері әсер етеді. Бірақ бір қызығы дұрыс тамақтанбау менің салмағыма әсер етпейді.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: