Мерей Әбіловаға 7 миллион қалың мал берілді! Блогердің ұзату тойы қалай өтті?

13 ноября 2023

Мерей Әбілова ақ келін атанды! 2,1 миллион оқырманы бар танымал блогер күні кеше құтты ұясынан ұшып, өзінің сүйіктісіне ұзатылды. Еске салсақ, Қазақстандық футболшы – Димаш Қашкен осыдан 7 ай бұрын аруға Париж қаласындағы Эйфель мұнарасының алдында жүзігін ұсынған еді.

20 жасында тұрмысқа шыққалы отырған Мерейге 7 миллион теңге қалың мал берілсе, салт-дәстүрге сай  -  «Ана сүті», «Әке күші», «Өлі-тірі» сыйлары бөлек табысталды.

Ал, екі әулет құдалықта бір-бірінен аянып қалмады. Өзара кәде-сыйлар алмасып, тек бағалы брендтерден киіт кигізді. Енді қос ғашық үлкен тойдың дайындығына кіріскен.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @abilovva_m

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше