«Тұрмысқа шықсаңызшы Бұл Ақбота-Нұр Сейтмағамбетке инстаграм парақшасында жиі қойылатын сұрақтардың бір. Актриса әрі әнші желі қолданушыларына жеке жауап беруді жөн көрді. Эстрада жұлдызы инстаграм stories-ында «Тұрмысқа шықсаңшы. Жастығың өтетін болды ғой», — деген сауалға былай деп жауап берген: 

«Уайымдамашы, жақын арада қартая қоймаймын. Ал енді қалжыңсыз, шын сөзге келейін. Мына өмірде сансыз адам, сансыз тағдыр бар. Кімнің жоғын жоқтап үлгермексің? Менің тағдырыма Алла кіріседі. Құдайдың рөлін алып, шаршамашы», — деп жауап қайтарды. 

Ақбота Сейтмағамбет болашақ жарының қандай болуы керек екенін де айта кетті. Актриса: «жанындағы әйелдік махаббатын қорғайтын өмір бойы адалдығы. Шешімгер батыл мінезі. Түзде сабыры мен тазалығы, үйде жұмсақтығы мен шексіз сезім», — дәл осындай талаптарға сәйкес болса, Ақбота екінші рет тұрмысқа шығуға әзір. 


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: