Ұлы шығармаларды бекерден-бекер классика демейтіні анық. Ең үздік әдебиет танушылар жазған бұл туындылар оқырманды өз әлеміне тартып, соңғы бетіне дейін жібермей, ұстап отырады. Себебі әр бетінде адамзаттың өлшеусіз даналығы мен баға жетпес тәжірибесі жатыр. Міне, әр адамның өмірде бір рет болсын оқуы тиіс кітаптар тізімі.
Харпер Ли «Убить пересмешника»

Кітаптың сюжет желісі — заңгердің әділетсіз айып тағылған ер адамды құтқаруға тырысқан оқиғасын баяндайды.
Джером Дэвид Сэлинджер «Над пропастью во ржи»

Романның бас кейіпкері – 16 жастағы жасөспірім – Америкадағы емханалардың бірінде ем қабылдап жатыр. Ол мұнда қалай тап болды? Бұл сұрақтың жауабын кітаптан табасыз.
Чарльз Диккенс «Большие надежды»

Жетім бала статусы жоғары қоғамның қызына ғашық болады. Алайда ұнатқан аруының жүрегін жаулау үшін қарапайым жігітке тағдырдың сан түрлі сынағынан өтуге тура келеді.
Уильям Голдинг «Повелитель мух»

Өмірде әр адам оқуға тиіс кітаптар тізімі
Ұшақ апатынан кейін мектеп оқушыларының бір тобы адам заты тұрмаған жансыз аралға тап болады. Тірі қалу мақсатында олар нағыз жабайыларға айналмақ.
Маргарет Этвуд «Рассказ служанки»

Кітапта жазылған антиутопиялық әлемде экологиялық апаттан кейін әйелдердің көбі бедеулікке ұшырайды. Адамзаттың болашағын сақтау үшін қарапайым халық түрлі жанкештілікке барады.
Натаниель Готорн «Алая буква»

Роман оқиғасы 1640-жылдары Бостондағы қатаң пуритандық қоғамда өтеді. Басты кейіпкер – некесіз бала босанғаны үшін кеудесіне «алая» әріп тағуға мәжбүр болған әйел.
Владимир Набоков «Лолита»

Бұл – ХХ ғасырдағы ең даулы романдардың бірі. Оқиға ересек ер адамның өзінен тым жас ғашығымен қарым-қатынасы төңірегінде өрбиді.
Эмили Бронте «Грозовой перевал»

Бірін-бірі құлай сүйген ғашықтардың махаббаты басталмай жатып-ақ сәтсіздікке ұшырайды. Десе де оттай лапылдаған жүректерді бұл тоқтата ала ма?
Фрэнсис Скотт Фицджеральд «Великий Гэтсби»

Бұл шындық па, әлде арман ба? Байлыққа кенелген Джей Гэтсби бұрынғы ғашығына оралып, махаббатын қайта жаулай ала ма?
Мұхтар Әуезов «Абай жолы»

«Абай жолы» – қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған аңызға айналған эпопея.
Маргарет Митчелл «Унесенные ветром»

Бұл – ерке, кейде аңғал, нәзік Скарлетт О’Хараның мықты әйелге айналу жолындағы оқиғасы.
Harper’s BAZAAR UK ұсынған мақаланың түпнұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Аударған. Гүлдана Мұқан.