«Зейiн неге Оқапов? Неге Тасқын емес? Мәди неге Рымбаев?» — дәл осындай сұрақтардан шаршаған Әли Оқапов инстаграм парақшасында оқырмандарына жауап берді. Еске салсақ, әнші тұңғышы Зейінге өзінікіндей «Оқапов» тегін берген еді. Бір қызығы, Әлидің туған інісі Мәдидің фамилиясы «Рымбаев».
«Шынымды айтсам мен өз басым өмірімде үш рет фамилиямды өзгерткенмін. Себептер болды. Олармен бөлісу артық деп санаймын. Әр үйдің сыры бөлек дегендей, біздің де көпшіліктің алдында өз ақпараттық шекараларымыз бар. Ішкен жегенімізге дейін көрсетіп, жеке өміріміздің үтір нүктесіне дейн жария еткізіп, өмірімізден реалити шоу жасағымыз келмейді. Ондай деңгейдегі шоулар теледидарда толып тұр, көрермен жетеді. Ал біз өз шешімдерімізді бөтен пікірсіз ақ бекіте аламыз. Неге Оқапов? Неге Рымбаев? Солай шештік. Солай дұрыс деп санаймыз. Яғни себеп бар. Қалғаны маңызды емес. Түсінесіздер деп сенеміз. Ең бастысы бақыттымыз», — деп түсіндірді Әли Оқапов.
Бұрын-соңды жеке өмірін жұрт көзінен тасада ұстайтын музыкант, бүгінде желіде белсенділік танытып, жанұясын жиі көрсетіп жүр.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @aliokapov
«Әрбір адам өзін бақытты сезінетін жерде жүруі тиіс....Шүкір» Ақбота-Нұр Сейітмағамбет дәл осындай пост салып оқырмандарын қызықтырып қойды. Әнші той көйлегін киіп бейтаныс ер азаматпен романтикалық видео жүктеген. Онда Ақботаның құпия жігітпен құшақтасып тұрғанын байқауға болады. Сылқым тіпті таспаға Балжан Бидаштың «Екеуміз» атты махаббат әнін қойған.
«Бүгін мен үшін ерекше күн», - деп инстаграм парақшасына stories салған Ақботаны фолловерлер жарыса құттықтауда. Оқырмандардың жартысы «Ақбота сен бақытты болуға лайықсың», «Бақытты болыңдар, керемет жұп», - деп әнші үшін қуанып жатса, желідегі аудиторияның басым бөлімі «Кезекті жобаның түсірілімі шығар», - деп күдікпен қарады.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @akbotanurabaykyzy