Инста модель әрі блогер Мадлен өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді. Желі жұлдызы соңғы кездері бейтаныс ер азаматтар артынан аңдып мазалап жүргенін айтты. Шет елдегі демалысынан орала салып, Мадина Мамадалиева үйінің алдына келіп, өзін күтіп тұрған 2 жігітті байқаған. Сылқым болған оқиға үрей тудырғанын өзінің stories-ында бөлісті. Бірақ Мадлен өзін қандай мақсатпен және кім аңдып жүргенінен әзірге бейхабар. Блогер тек барынша сақ болуға тырысып жүр. Себебі Мадина: «Өмірім үшін қорқамын», - дейді.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @_m_a_d_l_e_n