Соңғы жылдары қазақстандықтар мен шетелдік туристер еліміздің табиғи байлығына, ерекше көрікті орындарына көбірек көңіл бөле бастады. Демалыс күндерін табиғат аясында, таза ауада өткізуді қалайтындар үшін Қазақстанда әлі де көпшілік біле бермейтін, бірақ керемет әсер қалдыратын жерлер жетерлік. Назарларыңызға демалыс күндеріне арналған ең сұранысқа ие бағыттарды ұсынамыз.

1. Көлсай көлдері — табиғаттың тұнық айнасы

Алматы облысындағы Көлсай көлдері — үш тау көлі қатар орналасқан ерекше табиғи кешен. Олар теңіз деңгейінен бірнеше шақырым биіктікте орналасқан, айналасын шырша мен тау қоршаған бұл жер – нағыз тынығу мен демалуға арналған мекен. Мұнда жаяу серуендеп, қайықпен жүзуге, атпен тауға шығуға болады.

2. Қайыңды көлі — су астындағы орман

Көлсай маңында орналасқан тағы бір таңғажайып орын — Қайыңды көлі. Бұл көл жер сілкінісінің әсерінен пайда болған, ерекше ерекшелігі — су астындағы тік тұрған шырша ағаштары. Мұндай көрініс әлемде сирек кездеседі, сондықтан да туристер үшін бұл нағыз «must-see» бағыт. Жазда да, қыста да өзінің сұлулығымен таңғалдырады.

3. Чарын шатқалы — Қазақстанның кішкентай Гранд-Каньоны

АҚШ-тағы әйгілі Гранд-Каньонға ұқсайтын бұл шатқал Алматыдан небәрі 200 шақырым жерде орналасқан. Мұндағы «Қамалдар аңғары» деп аталатын бөлігі ерекше тастарымен және қызыл түсті қабырғаларымен көз тартады. Демалыс күндері шағын серуен немесе пикник үшін тамаша орын.

4. Тамғалы Тас — тарихи және рухани мекен

Іле өзенінің жағалауында орналасқан бұл орын ежелгі петроглифтерімен, яғни жартастағы суреттерімен әйгілі. Сонымен қатар, Будда бейнеленген үлкен тастар да бар. Бұл жер тек табиғатпен емес, тарихпен де үндескен ерекше энергетикаға ие мекен.

5. Түрген сарқырамалары мен шатқалы

Алматыдан бір сағаттық жерде орналасқан Түрген шатқалы мен оның сарқырамалары — қала шуынан қашып, табиғат аясында серуендегісі келетіндер үшін тамаша шешім. Мұнда бірнеше бағытта жаяу маршруттар бар, ал сарқырама маңында фотосессия жасауға да болады.

6. Алтын Емел ұлттық паркі

Алматы облысында орналасқан бұл қорық ерекше табиғатымен танымал. Мұнда әйгілі Әнші Құм (поющий бархан) бар — желмен ызыңдаған дыбыс шығаратын ерекше құм төбесі. Сонымен қатар, тарихи ескерткіштер, түрлі фауна мен флораны көруге болады.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Shutterstock. Автор. extradeda

Поделиться: