Жұлдыздардың танымалдылыққа дейінгі кездері әрқашан да қызық. Әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолын бастамай тұрған сәттерін жиі көргісі келеді. Harper`s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына саяхат жасап, бүгінгі таңда қандай өзгеріске ұшырағандарын ашып көрсетпек. Біздің «Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» яғни «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – әнші, музыкант Akha.

Нағыз романтиканы сезінгіңіз келсе Akha-ның әндерін тыңдаңыз! Лирик музыканттың әр трегі хит атанып, тыңдарман сұранысына ие болып жүр. 3 жыл бұрын өнер жолын бастаған поп-орындаушы шығармашылықта әлі күнге дейін белсенді. Ал әнші болуды Өсербек Ахмет бала күнінен бастап армандаған.

Еске салсақ, Akha өнерде Jah Khalib-тен шабыттанған. Тіпті кумирі уақыт өте келе өзінің продюсері атанды. Бүгінде музыкант Бақтияр Мамедов негізін қалаған Jah Creatives лейблының әртісі.

Ахметтің ескі фотосуреттеріне қарап, қанша жыл өтсе де оның еш өзгермегенін байқауға болады. Әнші өзінің сымбатты денесін бірқалыпты ұстау үшін спорт залдан шықпайды.

Akha дәл бүгін шығармашылығындағы алғашқы EP альбомын жарыққа шығарды. Музыканттың «Nege Qaraisyn» атты әнжинағы 5 композициядан тұрады. Әндер — R&B және Soul жанрында. Қазақ тілінде ұсынылған үнтаспада – әншінің жеке өмірі мен махаббат тақырыбы қозғалған.


Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.

Поделиться: