Ақтауда ер адам мысықтың үстіне секіріп, кейін түк болмағандай өз жұмыстарымен кете берген. Бұл оқиға қаладағы аулалардың бірінде бейнебақылау камераларына түсіп қалған. 

Жергілікті жануарлар құқығын қорғаушылар бірден зардап шеккен мысыққа көмек көрсеткен. Бірақ жарақаттың қандай салдары болатыны әзірге белгісіз.

«Соққы дәл басына тиген. Оны түсірген рентген көрсетті. Мысықтың мойыны зақымданған. Мен қарағандылық ветеринар дәрігермен сөйлестім, ол қандай ем жасау қажеттігін айтты. Енді жануардың жағдайын үш күн бойы бақылау қажет», — дейді еріктілер.

Ал полицейлер мысықты қорлаған азаматты ұстапты. 35 жасар ер адам өз кінәсін мойындап, мас болғандығын жеткізген. Болған оқиғаға қатысты әлеуметті желіде қызу талқылау болып жатыр. Тұрғындар жануарға зақым келтірген жанды жазалау қажет дейді.

«Ер адамға 120 АЕК (364 320 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Немесе түзеу жұмыстарына, не 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылмақ. Тіпті 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін», — дейді тәртіп сақшылары.

Тергеу шаралары әлі жалғасуда.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram. Shutterstock.com.

Поделиться: