«Арман ағау… Неге олай ? Иманы саламат болсын, мекені жәннәт болсын», — әнші Индира Елемес өзінің жеке инстаграм парақшасында дәл осындай пост жазып, Арман Дүйсеновтың дүниеден озғанын хабарлады. Белгілі сазгер, продюсер әрі әнші болған өнер иесі 48 жасында бақилық болды. Әзірге қайтыс болуының нақты себебі белгісіз.

 Арман Дүйсенов

Еске салсақ, Арман Дүйсенов талай эстрада жұлдыздарының әндеріне композиторлық еткен еді. 23 жыл бойы шоу-бизнес саласында жүріп, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері атанды. Музыкалық мансабын 1990 жылы Павлодар қаласында өткен «ХХІІ республикалық жас орындаушылар байқауында» жеңіске жеткеннен кейін бастаған-ды.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram

Поделиться: