Бүгінде табиғи сұлулық, жеңіл макияж және артық күш жұмсамай-ақ ұқыпты көріну бұрынғыдан да жоғары бағаланады. Корейлік кірпік лифтингі дәл осы сұранысқа жауап береді: ол жанарды ашық әрі сергек етіп көрсетіп, кірпікті көзге ұзағырақ әрі айқынырақ етіп көрсетеді. Бірақ мұнда «қуыршақтай» тым көлемді немесе шамадан тыс қайырылған әсер болмайды. Бұл процедура туралы толығырақ төменде айтамыз.
Корейлік кірпік лифтингі деген не?
Бұл — табиғи кірпікті түбінен бастап нәзік түрде қайырып, жұмсақ әрі ұқыпты иілім беретін жартылай тұрақты процедура. Соның арқасында кірпіктер тушь жақпай-ақ ұзындау әрі қалыңдау көрінеді.
Бұл әдістің басты ерекшелігі — кірпік құрылымына барынша ұқыпты қарауы. Классикалық лифтингке қарағанда, ол көбіне анағұрлым өткір нәтиже бермейді. Керісінше, корейлік әдіс табиғилыққа, біркелкі иілімге және кірпіктің саулығын сақтауға басымдық береді.
@bko.studios.nyc another busy day with 3 korean lash lifts! 🤭 tints coming soon!!!! 😚😚#lashextensions #koreanlashlift #lashlifts #nyclashlifts #nyc ♬ ♡ ᶫᵒᵛᵉᵧₒᵤ ♡ - SoBerBoi
Ол классикалық лифтингтен несімен ерекшеленеді?
Екі процедураның айырмашылығы қолданылатын құрамдарда да, орындалу техникасында да байқалады.
Дәстүрлі әдісте әдетте әсері күштірек формулалар және иілім қалыптастыратын бір ғана валик қолданылады. Соның салдарынан кейде кірпік тым қатты қайырылғандай көрініп, процедурадан кейін құрғап немесе әлсіреп қалғандай әсер беруі мүмкін.
Ал корейлік кірпік лифтингі мүлде басқа қағидамен жұмыс істейді. Мұнда цистеамин негізіндегі анағұрлым жұмсақ құрамдар қолданылады. Олар нәзік балама саналады және кірпіктің пішінін түбінен ұшына дейін біркелкі әрі ұқыпты өзгертуге мүмкіндік береді, талшықтарға артық салмақ түсірмейді.
Бұдан бөлек, шығысазиялық техникада екі кезеңнен тұратын тәсіл қолданылады. Алдымен кірпіктер дайындалып, жұмсақ түрде көтеріліп, тегіс негіз жасалады. Содан кейін екінші кезеңде қажетті иілім қалыптастырылады.
@penelope.loo Trying the viral Korean lash lift by @madlashbeauty.la I’m beyond obsessed 😍 #koreanlashlift #lashlift #lashtransformation #koreanlashlifting #koreanlashes ♬ sonido original - sin nombre
Неліктен бұл процедура көпшілікке ұнайды?
Бұл процедураның танымал болуының басты себептерінің бірі — жайлылығы. Әдіс анағұрлым жұмсақ саналады және көбіне қатты тітіркену тудырмайды. Бұл әсіресе көз айналасындағы сезімтал аймақ үшін өте маңызды.
Тағы бір артықшылығы — күнделікті өмірдегі ыңғайлылығы. Процедурадан кейін кірпіктер онсыз да ұқыпты әрі әдемі көрінеді, сондықтан тушьті сирек қолдануға немесе мүлде қолданбауға болады. Бұл әсіресе clean girl эстетикасын ұнататындар үшін өзекті.
Сондай-ақ нәтиженің кірпік өскен сайын да ұқыпты көрінуі — маңызды плюс. Кейбір классикалық әдістердегідей өңделген кірпік пен жаңадан өскен кірпіктің арасында көзге бірден түсетін өткір шекара болмайды.
@beautybyxara Korean Lash Lift Tutorial @Boo.beautybar Starting to get more comfortable with this technique as it is super trendy at the moment ! #koreanlashlift #koreanlashlifttutorial #perthlashlifting #perthlashlifting #lashliftandtint ♬ original sound - Beauty By Xara
Қандай нәтиже күтуге болады?
Корейлік кірпік лифтингінен кейін кірпіктер көзге ұзағырақ, қайырылыңқырап әрі айқынырақ көрінеді. Бірақ сонымен бірге табиғи қалпын жоғалтпайды. Жанар ашық көрініп, бет әлпеті сергек әрі тыныққандай әсер береді. Әдетте әсері алтыдан сегіз аптаға дейін сақталады. Дұрыс күтім жасалған жағдайда кірпіктер осы уақыт бойы ұқыпты әрі мәнерлі күйін сақтайды.
Harper's BAZAAR UK мақаласының түпнұсқасын сілтеме арқылы оқи аласыз.
Автор. Жанель Муканова. Аударған. Гүлдана Мұқан.