Alem, Ace, Луина және Санжар Мәди дыбыстаған «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмі 2 миллиард касса жинап рекорд орнатты

09 июля 2024

Тікелей «Disney» және «Pixar» студиялары қаржыландырған «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмі отандық кинонарықта рекорд орнатты. Туындының орыс тіліндегі аудармасы 2 миллиард теңге кассалық табысқа кенелді. Мұндай көрсеткіш бұрын-соңды Қазақстандық киноиндустрияда болмаған еді. Ал картинаның қазақ тілді нұсқасы - 125 миллион теңге пайда тапқан. Еске салсақ, «Ойжұмбақ 2» лентасының кейіпкерлерін «Ninety One» тобының мүшелері: Alem мен Ace, Жұлдыз Өмірғали, Рүстем Жаныаманов қазақша дыбыстаса, Луина, Аминока, Алина Ким және Санжар Мәди орыс тіліндегі аудармасына атсалысқан.

https://www.youtube.com/watch?v=QYc5KpNcjzY

Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @qazaqsha_soile

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше