Құны 1 миллион теңге! Ninety One тобының жеке концертіне билет неге қымбат?

28 августа 2023

«Ninety One» тобы ерекше мәлімдеме жасады. Q-pop жұлдыздары жеке концерттеріне 1 миллион теңгелік билеттерді сатылымға шығарды. Мемберлер Алматыдағы жеке кештерінің sold out болуына байланысты осындай шешім қабылдаған. 1-қыркүйек күні өтетін шараға мұндай бағадағы билетті сатып алған тыңдарман VIP зонада жігіттердің өнерін тамашалайды. Еске салсақ, «Ninety One» ұсынған жаңа альбомның құрметіне орай аталған «GAP TOUR» турының алғашқы концерті Астана қаласында жоғары деңгейде өтті.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @ninetyone

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше