Ninety One тобының жігіттері күтпеген мәлімдеме жасады. Мемберлер әлеуметтік желіде тікелей эфирде болашақтағы жаңалықтарымен бөлісті. Соның бірі 91-ліктер белгісіз мерзімге демалысқа кетпек.
«Біз қысқа дейін концерт береміз. Содан кейін белгісіз мерзімге, 1-2 немесе 3 жыл үзіліс жасауды жоспарлап отырмыз. Мүмкін әрқайсымыз өз жолымызбен кететін шығармыз. Мүмкін бағытымыз өзгерер. Біз қазіргі образымыздан демалып, үзіліс жасағымыз келеді. Қайтып келсек те, бәрі бұрынғыдан өзгеше болуы мүмкін», – деді топ мүшесі AСE.
Eaglez мұндай жаңалықты күтпегені анық. Бірақ әзірге жігіттер ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Тек уақытша жоспарларын ашып айтты.
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @ninetyone