Продюсермен қош айтысқаннан кейінгі алғашқы альбом! Ninety One тобы кезекті үнтаспасын ұсынбақ. Мемберлер Ерболат Беделханнан жеке шыққаннан кейін әнжинақ жазуға кіріскен. Бойзбендтің альбомы наурыз айында жарық көреді. Онда BZZZ, Aperem Ai, Fire, Blue, O2, Jur Mapelep, EGO, GAP, Synbaim, Drift және Emoji атты тректер енген. Дәл осы жаңалықты жігіттер өздерінің ән кешінде жария етті. Еске салсақ, топтың соңғы үнтаспасы 2020 жылы жарық көрген болатын.

Ninety One

Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: