Мадина Сәдуақасованың ұлы Әнуар 10 жасқа толды! Әнші биыл атұстарының төл мерекесін дүркіретіп атап өтті. Тіпті Әнуардың birthday party шарасы ең алдымен жасыл желекте, достарына арнайы аталып өтілді.
Мадина Сәдуақасова күйеуімен бірге жалғыз баласына тосын сый әзірлеп қойған. — «Өзім бала күнімде бір де бір туған күнімді атап өтпегенмін. Сол кезде солай норма болды ма, әлде менің ата-анамда тірлік, жұмыс көп болған соң ондайға мән бермеген ба. «Өз баларыма өлтіріп жасаймын туған күндерін!», — деп айтатынмын. Олжас екеуміз Әнуарға 10 жыл бойы super birthday party жасап келеміз», — деп эстрада жұлдызы мерекелік вайбпен өзінің инстаграм парақшасында бөлісті.
Әнші сондай-ақ, ұлының алғашқы мерейтойына бренд сыйлықтардан бөлек, қымбат маркалы автокөлік тарту етті. Тікелей салоннан алынған темір тұлпар 2024 жылғы.
«Әнуар машинасын ауыстырды! Су жаңа 2024 жылғы. Ойлап қалмаңыз өзі рульге отырады дер, әрі бері мектеп, баскетбол, бассейнге алып жүретін көлігін жаңарттық.» , — деп өзінің жеке парақшасында жазба қалдырған Сәдуақасова-тегі, баласының тек жүргізушімен жүретінін айтып қалды.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Instagram @sadvakasovamadina