Наурызда TikTok арқылы онлайн бізбен бірге бол! Наурыз мейрамына санаулы күндер қалды. Мереке орай Мәдениет және Спорт министрлігінің қолдауымен «TikTok Наурыз» атты онлайн-фестиваль өтпек. 

Онда #наурыз2023 арнайы хэштегі арқылы қазақстандықтар мерекені еліміздің түкпір-түкпірінде қалай атап өтетінін көрсете алады, мерекелік тағамдардың мәзірін бөлісе алады немесе қызықты дәстүрлер туралы өздерінің білгендерін айта алады. 

TikTok

TikTok платформа қолданушыларын ұлттық мереке, оның ерекшеліктері мен әдет-ғұрыптары туралы бейнероликтер түсіруге шақырады. Үздік видеоролик түсірген авторлар «Rocket Go» туристік компаниясынан бағалы сыйлықтарға ие болмақ. Байқау жеңімпазы және 2-ші және 3-ші жүлделі орындардың иегерлері 5 күн, 3 күн және 1 күн бойы Қазақстанның ең әдемі жерлеріне саяхат жасайды. 

Қолданушылар тақырып ретінде төрт бағыттың бірін таңдай алады:

• Тағам: авторларға мерекелік сүйікті тағамының мәзірін бөлісу ұсынылады.

• Саяхат: елдің түкпір-түкпірінде Наурыз қалай тойланатынын әңгімелеп беріңіз немесе көрсетіңіз. 

• Мәдениет: мерекенің қызық әдет-ғұрыптарын немесе дәстүрлерін әңгімелеп, көрсетіп беріңіз, Наурызға байланысты мифтер мен аңыздар туралы айтыңыз 

• Ән: өзіңіз орындаған ұлттық биді немесе сүйікті қазақ музыкасын орындауыңызды бөлісіңіз. 

Наурызға арналған онлайн-фестивальдің қорытындысы, яғни үздік бейнероликтер мен байқау жеңімпаздары 29 наурызда жарияланады.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram.

Поделиться: