Өкінішке орай, біздің қоғамда көбі бұл тақырыптарды жылы жауып қояды. Бірақ, оны қанша жоққа шығарғанымен, ол өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Мәселен, әйелдердің көпшілігінің оргазмға жетуі қиын. Зерттеушілер қыздардың тек 10%-ы төсекте оңай ләззат алатындығын дәлелдеді. Қалған 90% ше? Олар бұл мәселеде көптеген қиындықтарға тап болады екен. Ер адамдар үшін оргазм алу өте оңай. Сондықтан бұл мақала осындай проблемаға тап болған әйелдерге арналған. Біз қазір оның 15 себебін қарастырамыз.

Мазасыздықты сезінесіз

Нью-Йорктегі психиатр және м.ғ.д. Грант Хилари Бреннер: «Мазасыздық интрузивті ойларды тудыруы мүмкін, бұл оргазмға жетуді қиындатады», — дейді. Индиана штатындағы Вальпараисо университетінің жақында жүргізген сауалнамасы әйелдердің жартысынан көбі осының кесірінен ләззат ала алмайтындығын дәлелдеген. Сонымен қатар, сенімсіздік пен күмән төсек қатынасы кезінде басқа жағымсыз ойларды тудырады. Егер бұл сіздің жыныстық өміріңізде маңызды рөл атқаратын болса, сіз бұл туралы психотерапевтпен сөйлесуіңіз керек.

оргазм

Бұлшық еттерді қыспау

Оргазмды сезіну қиын болған әйелдер «жай демалыңыз»дегенді жиі естиді. Бірақ секс-терапевт Луанн Коул Вестон бұл дұрыс емес тәсіл болуы мүмкін дейді.

«Бұлшық еттеріңізді қатайту кейде оргазмға жету үшін қажет. Көптеген әйелдер аяқтың, іштің және бөкселердің бұлшықеттерін қатайту арқылы оргазм алуды үйренеді», — деп жазады доктор Вестон.

Сондай-ақ, ол Кегель жаттығуын орындауға қатысатын төменгі жамбас бұлшықеттерін қатайтуға кеңес береді.

Майлау жеткіліксіз

Сонымен қатар, Вальпараисо университетінің сауалнамасы, қыздардың төрттен бірі майлаудың жетіспеушілігінен ләззат ала алмағандығын алға тартады.

«Майлау әйелдер мен ерлердің жыныс мүшелерін сезімтал етеді. Сонымен, бұл әйелдерге оргазмға жетуге көмектеседі»,— деп жазады «Хороший секс» кітабының авторы Майкл Кастлман.

Қате тәсіл

«Көпшілігіміз порнография арқылы сексті білдік», — деп жазады сексолог Блэр Линдсей.

Көптеген адамдар төсекте тезірек, дөрекі және күшті болсам сол жақсырақ болады деп санайды. Алайда бұл шындыққа жанаспайды. Оргазм әйелдің жүйке жүйесіне тікелей байланысты. Әр нәзікжаны әртүрлі. Сондықтан көбі төсек қатынасы кезінде ләззат алу үшін нәзіктікті қалайды.

Оргазмға қалай жетуге болады? Жыныстық қатынасқа түскен кезде қыздардың ләззат алмауының 15 себебі

Ойыншықтарды пайдаланып көріңіз

Кейбір қыздар секс ойыншықтарын қолдануға ыңғайсызданады. Бірақ бұл бекер. Олар сіздің жыныстық өміріңізді жақсартып, оргазмға жетуге көмектеседі. 2017 жылғы сауалнамаға сүйенсек, әйелдердің шамамен 40% — ы оргазм алу үшін клиторальды ынталандыруды қажет етеді.

«Кейбіреулер вибраторды қолданған кезде ғана мүмкін болатын күшті ынталандыруды қажет етеді»,- дейді Кастлман. Сіз кішкентай нәрседен бастай аласыз, мысалы, оқ вибраторы.

Сіз мастурбацияламайсыз

«Сіз өзіңізді қаншалықты жиі қуанта аласыз, бұл сіздің төсекте оргазмға жету мүмкіндігіңізге тікелей әсер етеді», — дейді отбасылық психолог және сексолог Кэт Ван Кирк. Неліктен?

Мастурбация кезінде қиялды қолдану, әйелге төсекте нені, және қалай қалайтынын түсінуге көмектеседі. Бұл сонымен қатар, оның шығармашылық жақтарын ашуға және көптеген кедергілерді жеңуге көмектеседі. Айтпақшы, оргазм туралы кітаптың авторы Дженни Блок аптасына екі рет мастурбациялауға кеңес береді.

Сіз өзіңіздің төсектегі серіктесіңізге қалауыңыз туралы айтпайсыз

Ешкім бізге не керек екенін ұға алмайды. Сондықтан, төсектегі серіктесіңізге сізді  не қызықтыратын айтпасаңыз, оргазмға жеткізу қиынға соғады. Яғни, ләззат алғыңыз келсе, онда өз қалауыңызды айтыңыз. Доктор Ван Кирк: «Кейде тіпті кішігірім қимылдар сізге қалай әрекет ету керектігін айтуы мүмкін», — дейді. Бірақ оны бәрі бірдей түсіне бермеуі мүмкін. Сол себепті, өз ойыңызды айтыңыз, не оның қолын қалаған жерге бағыттаңыз.

оргазм

Дәретханаға баруды ұмытпаңыз

Зәр шығару жолдарының инфекциясының алдын алу үшін жыныстық қатынастан кейін бірден дәретханаға бару қажет. Бұл ешкімге жасырын емес. Бірақ мұны жыныстық қатынасқа түспей тұрып та жасаған абзал.

«Толық қуықпен оргазмға жету өте қиын болуы мүмкін», — дейді Дженни Блок. Өйткені, сіз төсек қатынасынан ләззат алудың орнына, дәретханаға жетуді ойлайсыз.

Дәрі-дәрмектер жанама әсер беруі мүмкін

Әрбір дәрі-дәрмектің жанама әсерлерінің тізімі бар. Сондықтан оны қабылдамас бұрын, мұқият оқуға кеңес береміз!

«Кейбір дәрі-дәрмектер сіздің құмарлығыңызды бәсеңдетіп, оргазмға жетуді қиындатуы мүмкін», — дейді доктор Ван Кирк.

Әдетте мұндай препараттарға контрацептивтер, антидеприсанттар, қан қысымына арналған препараттар жатады. Ван Кирк антигистаминдік таблеткалар да төсек қатынасына әсер етеді дейді.  Сондықтан дәрігермен ақылдасқан жөн.

Сіз күннің көп бөлігін отырумен өткізесіз

Үнемі үстел басында, қозғалыссыз отыру жамбас бұлшықеттері үшін зиян. Бұл проблеманы болдырмау үшін, доктор Ван Кирк әр жарты сағат сайын, не бір сағат сайын  қозғалуға кеңес береді. Егер мүмкіндік болса, тіпті жаттығу жасап жіберуге де болады. .

Сіз жағдайды бақылаудан шығаруға қорқасыз

Сіз бәрін бақылауда ұстауға дағдыланған кезде, төсекте демалу қиын болуы мүмкін. Яғни, ол оргазм алуға кедергі келтіреді. Сондықтан, ең бастысы, сезімге беріліп, тыныс алуды ұмытпаңыз. Ләззат алыңыз. Егер сізге көмек қажет деп ойласаңыз, мамандарға жүгініңіз.

Сіз дыбыс шығармайсыз

Жыныстық қатынас кезінде, дауыс шығаратын жандар жиі ләззат алады.  Өзіңізге не ұнайтынын осы арқылы білдіре аласыз. Егер одан ыңғайсыздансаңыз, онда серіктесіңіздің денесін сезініп, оның жанасуынан ләззат алыңыз.

Сізде окситоцин деңгейі төмен

Дәрігер Ван Кирк, бақыт пен махаббат гормоны ретінде белгілі окситоцин оргазммен де тікелей байланысты дейді. Егер сіздің денеңіз осы гормонды жеткілікті мөлшерде шығармаса, сізге қанағаттану қиын болуы мүмкін. Стресс-окситоцин деңгейінің төмендігінің негізгі себебі. Серіктесіңізбен көп уақыт өткізу оның деңгейін арттыруға септеседі. Егер үй жануарыңыз болса, оны жиі құшақтаңыз, ғалымдар бұл да, окситоциннің шығарылуына ықпал ететінін дәлелдеген.

оргазм

Жиі биік өкшелі аяқ киім кию

Биік өкшелі аяқ киім кию жамбас бұлшықеттері мен нерв жүйесіне, сондай-ақ, жыныс мүшелеріне тікелей әсер етеді. Сондықтан қанша әдемі болғанымен, ыңғайлы аяқ киімге басымдық берген абзал.

Жеткіліксіз мөлшерде су ішу

Үнемі су ішу шаршау және іш қату сияқты күнделікті проблемалардың алдын алады. Сонымен қатар, бұл сізге оргазмға жетуге көмектеседі. Сондықтан суды жеткілікті мөлшерде тұтынғаныңызға көз жеткізіңіз.


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Shutterstock.com.

Поделиться: