Бүгін Лос-Анджелесте «Оскар 2020» сыйлығының 92-ші марапаттау салтанаты болып өтті. Және көшті «Паразиттер» фильмі бастады. Оңтүстіккореялық драма «Үздік режиссура», «Үздік соны сценарий», «Үздік шетелдік фильм» аталымдарын, тіпті «Үздік фильм» номинациясында  басты қарсыласы «1917» фильмін басып озып, бірден төрт марапатты жеңіп алды.

«Оскар 2020» cыйлығының жеңімпаздары

Үздік басты актер көпшілік күткендей «Джокер» картинасындағы рөлі үшін Хоакин Феникс атанды. «Үздік әйел рөлі» санатында күткендей Рене Зеллвегер («Джуди») лауреат атанды. «Екінші кезектегі үздік актриса» ретінде Лора Дерн («Неке хикаясы»), ал «Екінші кезектегі үздік актер» деп Брэд Питт («Ертеде Голливудта») танылды. Бұл Голливуд жұлдызының актерлік саладағы бірінші жеңісі. Бұған дейін Питт 2014 жылы  «12 жылдық құлдық» туындысының продюсері ретінде марапат алған болатын.

Актер лайықты «Оскарын» өз балаларына арнады.

Элтон Джон мен Берни Топиннің (I’m Gonna) Love Me Again («Роектмен») композициясы «Үздік ән» номинациясын жеңіп алды. Бұл британдық музыканттың өмірінде алып тұрған екінші алтын мүсіні.

 «Оскар 2020» сыйлығы лауреаттарының толық тізімі:

Үздік операторлық жұмыс«1917»

Үздік грим мен шаш үлгілері: «Жанжал»

Үздік қоюшы-суретші: «Ертеде Голливудта»

Үздік анимациялық фильм: «Ойыншықтар хикаясы 4»

Үздік визуалды эффектілер: «1917»

Үздік монтаж: «Ford Ferrari-ға қарсы»

Үздік дыбыс: «1917»

Үздік дыбыстық монтаж: «Ford Ferrari-ға қарсы»

Бейімделген үздік сценарий: «Джоджо қоян»

Фильмге үздік музыка: Хильдур Гуднадоуттир «Джокер»

Үздік деректі фильм: «Америкалық фабрика»

Үздік ойындық қысқаметражды фильм: «Қарсы терезе»

Үздік қысқаметражды деректі фильм: «Әскери іс-қимылдар аймағында скейтборд теуіп үйрену (қыз болсаң)»

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм: «Шашқа деген сүйіспеншілік»


Harper’s BAZAAR Kazakhstan.

Поделиться: