Актерлер рөлге еніп, мүлдем басқа адамдарға айналады. Алайда бұл өз рөлдерін әрдайым жақсы көреді дегенді білдірмейді.

Нақты бір рөлдің арқасында атақ-даңққа жете отырып, көптеген танымал жандар өз кейіпкерлерін жек көруі мүмкін.

Барлығы жақсы көргенімен өздері жақсы көрмейтін 4 кейіпкер:

Блейк Лайвли «Өсекші әйелдегі» Серена Ван Дер Вудсенді жек көреді

Серена Ван Дер Вудсеннің рөлі Лайвлиді армандамаған атаққа жеткізді, алайда актрисаның өзі кейіпкерін мүлдем жақсы көрмейді.

 «Мен адамға кокаин беріп, кейін ол адам есірткіні шамадан тыс қабылдағанынан көз жұмғанымен, кейін әлдекімді өлтіріп, біреудің жігітімен төсектес болғаныммен мақтана алмаймын», — дейді ол.

Кейт Уинслет өзінің «Титаниктегі» образын жек көреді
Блейк Лайвли

«Бұл адамдарға ұнайды, алайда мен жақсы ой салуды құптар едім».

Кейт Уинслет «Титаниктегі» Роуз рөлінде

Уинслет «Титаникті» жақсы көреді, алайда осы фильмдегі өз образына қарай алмайды.

Кейт Уинслет өзінің «Титаниктегі» образын жек көреді
Кейт Уинслет

«Әрбір сахнаны көргенде мен «Не масқара?» деймін. Тіпті америкалық акцентім де құлаққа түрпідей тиеді. Масқара», — дейді ол.

Сара Джессика Паркер «Үлкен қаладағы құмарлық» фильмінде Кэрри Брэдшоу рөлінде

Кейт Уинслет өзінің «Титаниктегі» образын жек көреді
Сара Джессика Паркер

Бұл рөлдің актрисаны аса танымал еткеніне қарамастан,  Сара Джессика Паркер өз кейіпкеріне қатысты наразылық білдірді. Олардың басым бөлігі актрисаның өмірдегі бейнесі мен экрандағы образының арасындағы айырмашылықтарға байланысты.

Роберт Паттинсон «Ымырттағы» Эдвард Калленнің рөлінде

Паттинсон «Ымырт» фильміндегі өз кейіпкеріне қатысты жағымсыз көзқарасын ешқашан жасырмаған.

Кейт Уинслет өзінің «Титаниктегі» образын жек көреді
Роберт Паттинсон

«Эдвард – ең түкке тұрғысыз кейіпкер. Алайда барлық жағынан мінсіз. Мен сценарийді оқыған сайын оны бұрынғыдан да қаттырақ жек көріп кетуші едім. Сол себепті мен өзін жек көретін күйреуік маньяктың образын жасадым. Оның үстіне ол жасы 108-ге келіп, бірде бір рет әйел затының етегін көтермеген. Оның дұрыс емес адам екені айдан анық».


Harper’s BAZAAR Kazakhstan.

Поделиться: