Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күніне орай: қазіргі заманғы үлгілі жұлдыз жұптар

15 апреля 2025

15 сәуір – қазақ халқы үшін ерекше күн. Бұл күн — махаббат пен адалдықтың символына айналған Қозы Көрпеш пен Баян Сұлуға арналған ұлттық мереке. Атаулы күн арқылы халқымыз ежелгі жырлардағы кіршіксіз сезім мен шынайы ғашықтықты дәріптейді.

Қозы мен Баян — махаббаттың мәңгілік символы. Олардың адал сезімі мен адал махаббаты қазіргі замандағы жұптарға шабыт пен мотивация сыйлап келеді. Осы орайда, отандық шоу-бизнестегі көпшілікке үлгі болып жүрген ғашықтарды назарларыңызға ұсынамыз.

Батырхан Мәлік пен Вероника Жанғалова

«Ninety One» тобының мүшесі Alem бүгінде үлгілі жар, отағасы әрі жас әке. Ол сүйіктісі Вероника Жанғаловамен бірге көптеген жанкүйерге шабыт сыйлап, қазақ шоу-бизнесіндегі ең танымал жұптардың біріне айналды.

Akha мен Aishka

Музыкант Akha әр туындысына махаббат лебін қосып, сезімін әнмен жеткізетін орындаушы. Aishka-мен бірге шаңырақ көтермей тұрып-ақ ел ықыласына бөленген қос ғашық бүгінде көз қуантады.

Шахрияр Бабаев пен Сара Шакет

Желіде нағыз сүйікті жұп саналатын Шахрияр мен Сара бірлесіп сапар шегіп, әдемі контент дайындайды. Олардың ұзақ уақыт бойы көңіл жарастырғанына қарап, көпшілік алдағы уақытта той болатынына сенімді.

Андрей Чалков пен Фариза Ескермес

Махаббаттың ұлтқа да, жасқа да, статусқа да қарамайтынының жарқын дәлелі – осы жұп. 2014 жылы танысқан Фариза мен Андрей 2024 жылы ресми түрде некелерін қиып, үлгілі отбасылар қатарынан табылды.

Дулат Мұхаметқалиев пен Жадыра Абдулжаппарова

Бастапқыда әріптес ретінде танысқан бұл қос тұлға бүгінде жарасымды отбасы. Дулат — актер, ал Жадыра — оның имиджін қалыптастыратын стилист.

Сәкен Қағаров пен Айжұлдыз Адайбекова

2024 жылы көңіл жарастырған қос ғашық бүгінде үлкен тойдың қамына кірісті. Шетелде ұсыныс жасап, бірге 8 елді аралаған махаббат оқиғасы – шынайы сезімнің айғағы.

Тәуекел Мүсілім мен Махаббат Мүсілім

Отбасын құрғандарына биыл 6 жыл толып отырған жұлдызды жұп – үш ұл тәрбиелеп отыр. Тәуекел мен Махаббаттың отбасылық контенті желіде үлкен сүйіспеншілікке ие.

Қанат Бейсекеев пен Айдина Буковски

Желі арқылы танысып, үлгілі жұпқа айналғандардың бірі – режиссер Қанат Бейсекеев пен Айдина Буковски. Инстаграмда танысып, бүгінде бір ұл тәрбиелеп отырған бұл жұптың махаббат хикаясы – заман бейнесі.


Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото: Instagram @_zhangalova

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше