Hi Barbie! Әлеуметтік желіні аша қалсаң дәл осы тренд бірден шығады. Күллі әлемді жаулаған контент «Барби» фильмінің аясында пайда болды. Отандық жұлдыздар трендтен қалмау үшін TikTok, Instagram парақшаларында қуыршақтың образына еніп, өздерінің имиджін өзгертті.
Мәселен, Мәдина Сәдуақасованың парик киіп, күлгін түсті образбен жасаған фотосессиясын оқырмандары Барбиге тенеген еді. Түрлі тәжірбиеге әрқашан дайын тұратын әншіні фолловерлер: «Барлығы жарасады», - деп мақтады.

Фото. Instagram @sadvakasovamadina
Эстрада жұлдызы Салтанат Бақаевадан фотосессия ғана емес, арнайы видео контент те тамашалай аласыз. Әнші ақ түсті парик киіп, көзіне көк линза тағып құдды қуыршақтай желіде пайда болды.


Фото. Instagram @saltanat_bakayeva


Фото. Instagram @saltanat_bakayeva
Барби трендін алғаш болып жасағандардың бірі - Aii_officiiall. Желіде ауқымды аудиториясы бар блогердің видеосы бірден 1 миллионға жуық қаралым жинады. Ректан түспейтін Әйгерім қуыршақтың 2 түрлі образын киіп көрсетті.


Фото. Instagram @aii_officiiall
Миллионер-блогер Әнел Кенжебекова нағыз Барби атанды. Жас актриса арнайы make up процессінен бастап, ауыстырған имиджіне де көрсетті. Reels 1 миллионнан астам қаралым жинады.


Фото. Instagram @kenjebekovaa
Көк көзді Барбилер қатарында Сиви Махмуди де бар. Эстрада жұлдызы да трендтен қалыспай өзін нағыз қуыршақтай сезінді. Әрине make up пен жасанды шаштың арқасында...


Фото. Instagram @sivi_makhmudi
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @sadvakasovamadina