Димаш Құдайберген мемлекет басшысынан бағалы сыйлық алды. Ерекше тосын сый жайлы әнші өзінің инстаграм парақшасында бөлісті. Қасым-Жомарт Тоқаев Димашқа тазының күшігін тарту еткен. Еске салсақ, иттің бұл тұқымы қазақ халқы үшін маңызды орын алады. Ол «Жеті қазынаның» бірі. Құдайберген-тегі кішкентай күшігін «Ғарышкер» деп атаған.
«Достар, танысып қойыңыздар, бұл — менің жаңа досым. Табиғаттың бұл ғажабын, яғни тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады. Тазы – біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған «Жеті қазынаның» бірі. Қазіргі күні Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Себебі бұл қазақы тұқым тән сұлулығымен, ұстамдылығымен ерекшеленеді және менің байқауымша, өте ақылды келеді. Ата-бабамыз тазыны қастерлеп, жақсы көрген. Бұл ит киіз үйге еркін кіре алған, бұл оның тазалығын білдіреді. «Тазы» атауы парсы тілінен енген, мағынасы — «шапшаң», «епті». Осындай баға жетпес сыйлық үшін Президентімізге алғыс айтамын! Тазының атын «Ғарышкер» деп атадық.»
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @kudaibergenov.dimash