Мақпал Исабекованың әкесі өмірден өтті. Әнші қайғылы жаңалықты өзінің инстаграм парақшасында бөлісті. Макосяйдің айтуы бойынша асқар тауы осыдан 10 күн бұрын көз жұмған екен.

«Әкешім, қаншалықты орныңның бөлек екенін неге кеткеніңде ғана біліп отырмын, қайран өмір-ай. Жаныңның калай қиналғанын бір Аллаһ пен өзің ғана білетін шығарсың. Әкешім, асқар тауым, мәңгі мекеніңе қайттың. Қанша жыласақ та, өмір ағысына көніп отырмыз, амал қанша. Жаның жаннатта болсын, иманың саламат болсын, бір Аллаһ жар болсын! Сен көрмей кеткен қызықты мама көрсін папа. Жаным әкешім өзіңді қалай жақсы көргенімді айта алмадым саған, кешір…» , — деп парақшасына жантебірентерлік жазба қалдырған Мақпал әкесімен қоштасты.

Өкінішке орай Мақпал әкесінің көзі тірісінде қоштасып үлгермеген. Әнші асқар тауымен соңғы кездесуін айтып берді: «Сенімен сөйлескенде, оның соңғы екенін білмеппін. Сен кетпеуімді өтіндің. Алайда сені тыңдамадым. Қайта келіп үлгеремін деп ойлайдым. Бірақ үлгермейтінімді санаммен сезініп едім. Әкемнен соңғы рет «Саған ризамын, қызым», «Құдай бере салған күнім», «Қайда жүрсеңдер де, аман жүріңдер», «Мықты бол» деген сөздерді естідім.»

Harper’s BAZAAR Kazakhstan ұжымы Мақпал Исабековаға қайғырып көңіл айтады!


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @makosyai Автор @vlasova_anasteisha

Поделиться: