Қазақстандық кино HBO арнасында! Қай туынды америкалық көрерменге ұсынылмақ?

19 октября 2023

Американдық «HBO»-дағы ең алғашқы қазақстандық фильм! «Art Dealers Film Production» кинокомпаниясы ұсынған «Жаным, ты не поверишь» атты қара юморға құрылған толықметр америкалық көрермен назарына ұсынылмақ. Еске салсақ, туындыны Ернар Нұрғалиев, Жандос Айбасов, Алишер Утев және Азамат Дулатов сынды киногерлер бірігіп таспалаған.

2020 жылдың ақпан айында көрермен назарына ұсынылған «Жаным, ты не поверишь» америкалық платформаларға шыққан тұңғыш фильм. HBO қазіргі заманғы ақылы теледидардың ізашары болған АҚШ-тың үздіксіз жұмыс істейтін абоненттік теледидар қызметтерінің ішіндегі ең көнесі. «Игра престолов», «Эйфория» сынды сериалдар дәл осы HBO желісінде қолжетімді.

https://www.youtube.com/watch?v=VfcRvT56hZI

Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @artdealersmovie

Cookie Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше