Ұйымдастырушыларға гастрольдік сапарлар жасау үшін жұлдыздардың ең кірпияз тілектерін де орындауға тура келеді. Миллиондаған гонорар төлеу аздық етеді. Бұған қоса, райдердегі барлық талаптарды орындау қажет. Мұндай тізімсіз ешбір жұлдыз сөйлеспейді де. Егер көптен күткен концерт тақағанда өтпей қалса, демек ұйымдастырушылар райдердің кейбір талаптарын мүлт жіберген. Себебі кейде жұлдыздардың барлық талаптарын орындау мүмкін болмайды.

Есесіне, әрбір райдер зерттеулер үшін таптырмайтын материал қоры. Кейде олар психиатрлардың да қызығушылығын туғызады. Әдетте райдер екі: техникалық және тұрмыстық бөліктен тұрады. Өнер көрсететін алаңды жабдықтау мен дайындауға ең қатаң талаптар қойылады. Алайда күтпеген «сыйлар» екінші бөлікте күтіп тұрады. Олар – жұлдыздардың ақылға сыймайтын еркелігін, сондай-ақ жүйкесінің тозғанын байқатады. Біз ең қызықтарын жинақтадық.

Мадонна

Қонақүй бөлмесінің ішін өз жиһазына ауыстыруды талап етеді. Онымен қоймай, барлығын қатаң белгіленген тәртіпте орналастыру қажет. 200 адамнан тұратын өз командасын үлде мен бүлдеге орап, жайғастыру қажет. Сондай-ақ боянатын бөлмені жиырма халықаралық телефон желілерімен жабдықтап, оған үш орхидеяны, алқызыл түсті раушан гүлдерін, үш балауыз шамды, Өлі теңіздің тұзын әкеп қою қажет. Және міндетті түрде кабалла салты бойынша дәріптелген тау бұлақтарынан алынған су болуы тиіс.

Элтон Джон

Егер әншіні қарсы алатын болсаңыз, мынаған дайын болыңыз: ол ұшақты басқа түске сырлауды, боянатын бөлмеге ағаштар орнатуды немесе өзінің көзілдіріктер топтамасына арнап, бөлек бөлме бөлуді талап етеді. Және ондағы ауа температурасы +16 градустан аспасын!

Райдер: Мадоннаға бұлақтың суын, ал Мэрайя Кэрриге алтынмен апталған әжетхана дайындаңыз
Жұлдыздардың ақылға сыймайтын еркеліктері…

Пол Маккартни

Өз апартаменттерінде былғарыдан жасалған заттардың, жануарлардың терісінен жасалған кілемдер мен жиһаз тыстарының болғанын қаламайды. Және Құдай ұрып, оған салоны былғары көлік ұсына көрмеңіз! Маккартни жануарлардың құқықтары үшін күресіп, вегетериандықты мықтап ұстанатын жан.

Дженнифер Лопес

Қонақүй бөлмесіндегі қабырғаларды басқа түске боятады. Қандай түске дейсіз бе? Ол әншінің көңіл күйіне байланысты. Оның қандай екенін гастрольдік сапар таяғанда білетін боласыз. Бұған қоса, ақ диван, гауһар тастармен безендірілген құлаққаптарды дайын етіп, унитаздың отырғышы былғарыдан болуын қадағалаңыз.

Сэр Пол Маккартни мұны құптамас еді…

Райдер: Мадоннаға бұлақтың суын, ал Мэрайя Кэрриге алтынмен апталған әжетхана дайындаңыз
Жұлдыздардың ақылға сыймайтын еркеліктері…

Мэрайя Кэрри

Оның шайнаған сағызын тастайтын көмекшісі, мың жарым доллар тұратын шампан сусыны, краны мен тұтқалары алтыннан жасалған әжетханасы болуы керек. Оған қоса итке арналған бөлек зал болуы тиіс.

Мерлин Мэнсон

Басқаларының қасында ең қарапайымы дерсің. Оның көтеріңкі көңіл күйі үшін бар керегі: қонжық пішінді мармеладтар, попкорн мен чипстер.

Райдер: Мадоннаға бұлақтың суын, ал Мэрайя Кэрриге алтынмен апталған әжетхана дайындаңыз

Джастин Бибер

Оған керегі: зімбірден әзірленген эль, Coca Cola, Интернет және сүйкімді ақ түсті шұлық. Джастинға гастрольдік турларда өзін жайлы сезіну үшін осы жетіп жатыр.

Райдер: Мадоннаға бұлақтың суын, ал Мэрайя Кэрриге алтынмен апталған әжетхана дайындаңыз
Жұлдыздардың ақылға сыймайтын еркеліктері… Джастин мен Мерлин — ең қарапайым жігіттер

Бонус. Ұйымдастырушының сенімділігін қалай тексеруге болады?

Мұны ағайынды Van Halen-дерден үйренуге болады. Олар болмашы кәмпит үшін концерттен бас тартып, ұйымдастырушыларға ақшаны қайтармаған!

Райдер: Мадоннаға бұлақтың суын, ал Мэрайя Кэрриге алтынмен апталған әжетхана дайындаңыз

Оқиға былай болған. Van Halen тобының райдерінде басқаларға қоса, «Бөлмеде M&M’s кәмпиттері салынған құмыра тұруы тиіс. Тек ішінен қоңыр түстілері алынып тасталсын» деген талап бар екен. Осылайша, қонақүй бөлмесінің табалдырығын аттай салып, атақты рокерлер онда қалуға болатын-болмайтынын түсініп отырған.

Алайда мұндай талаптың енуіне жұлдыздардың шектен шыққан еркелігі себеп емес. Оған себеп: атақты рок әншілердің әрбір концерті таңғажайып шоуға айналады. Олар қауіпті трюктер жасап, сахнаға көліктерді де (тіпті жүк көлігіне дейін) шығарады. Мұндай көріністі асқан ұқыптылықпен құрылған сахнасыз және барлық коммуникациясыз ұйымдастыру қауіпті. Сондықтан музыканттар райдердің техникалық бөлігінің сақталуын мұқият қадағалаған. Осылайша ішіне әлгіндей «тосынсыйлар» қосады. Ұсақ-түйектің (есік ойықтарының ені мен өлшемі, өткізгіштер, розеткалар, шамдар) арасында музыканттар «Тәттілерді», әлгіндей M&M’s-ты жасырып отырған. Егер концерт ұйымдастырушы топтың барлық талаптарына сыйластық танытып, адал жұмыс атқарса, онысы бөлмеге кіргеннен-ақ көрініп тұрады. Кері жағдайда музыканттар концерттен бас тартып отырған.


Harper’s BAZAAR Kazakhstan.

Поделиться: