Жұлдыздардың танымалдылыққа дейінгі кездері әрқашан да қызық. Әсіресе медиа тұлғалардың жанкүйерлері үшін. Олар кумирлерінің өнер жолын бастамай тұрған сәттерін жиі көргісі келеді. Harper`s BAZAAR Kazakhstan шоу-бизнес өкілдерінің жастық шағына саяхат жасап, бүгінгі таңда қандай өзгеріске ұшырағанын ашып көрсетпек. Біздің «Жұлдыздар танымалдылыққа дейін және қазір…» яғни «до и после» айдарының кезекті кейіпкері – рэпер YENLIK.

Таяуда ғана ақ келін атанып, тұрмысқа шыққан Еңлік Құрарбек, өнер жолын 2021 жылы бастаған. Алғашында мектепте ағылшын пәнінен сабақ беріп жүрген өнерпаз, музыкаға бала күнінен бастап қызыққан. «DOP» трегінен кейн YENLIK, танымалдылыққа ие болып, ағартушылық мансабын аяқтады. Төмендегі фотосуретте рэпердің шығармашалыққа дейінгі кезі мен қазіргі сәтін көруге болады.

Ал, рэпердің имиджіне келетін болсақ, ол әрдайым табиғилықты жаны сүйеді және барынша шынайы болуға тырысады.


Автор. Гүлдана Мұқан. Фотосуреттер: Кейіпкердің жеке мұрағатынан.

Поделиться: