«Steppenwolf» немесе «Дала қасқыры» фильмі енді ағылшын тілінде! Режиссер Әділхан Ержановтың авторлық туындысы шетелдік нарыққа ұсынылмақ. Бұл жағымды жаңалықты киногер өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.
Басты рөлді Берік Айтжанов сомдаған бұл фильм бұған дейін “А” санатындағы халықаралық кинофестивальдерде көрсетіліп, жүлделі орындарға ие болған. Ал әлемдік прокаттың алғашқы нүктесі – Ұлыбритания. Фильмнің көрсетілім саны шектеулі.
Автор. Гүлдана Мұқан. Источник заглавного фото. Автор. Анастасия Анишева