Романтикалық кешкі ас, кинотеатр: Әулие Валентин күнін отандық жұлдыздар қалай қарсы алды

16 февраля 2023

14-ақпан - Әулие Валентин күні! Ғашықтар күнін отандық әртістер қалай қарсы алды?

Қазақстандық жұлдыздар аталмыш мереке қазақ еліне тән емес деп жатса, кейбір жұптар бұл ерекше күнді бейжай қалдырмады. Мәселен, Айсәуле Бақытбек сүйіктісімен «Әулие Валентин» күнін тойлауды дәстүрге айналдырған. Блогер күйеуімен ғашықтар күнінде бір-біріне қолдан жасалған сыйлықтар тарту етеді.

Фото. Instagram @aissaulebakytbek

Актриса әрі блогер Фариза Ескермес ғашықтар күнін ғашығымен атап өтті. «Көккөзім» еркелететін сүйіктісімен Фариза романтикалық кешкі асқа барған. Оған қоса блогер арт-картина әзірлеп, махаббаттарының символы ретінде естелік жасады. Ескермес-тегі бұл идеяны 2 ай бұрын жоспарлап қойған.

Фото. Instagram @fariza_yeskermes

Таяуда ғана ақ келін атанған Ерке Есмахан да мұндай ерекше күнде назардан тыс қалмады. Әнші ғашықтар күнін түсірілім алаңында өткізсе де, күйеуі RaiM жарына гүл шоқтарын әкеліп қуантқан. Оған қоса, Ерке осы жазда Райымбектің қалауымен үлкен той болатынын мәлімдеді.

Фото. Instagram @erke_esmahan

«Екеуміз бірге осылай қартайғанымызды қалаймын!» Динара Бақтыбаева «Әулие Валентин» күнінде күйеуінің түрін қартайтатын фотошоп жасап инстаграм парақшасына пост салған. Актриса ғашықтар күнінде сүйіктісі және 2 қызын алып кешкі ас ішіп, отандық киноны қолдау мақсатында «Умри или Вспомни» картинасын тамашалауға кинотеатрға барған.

Фото. Instagram @dika_strai

Желі жұлдызы Нагимуша «Әулие Валентин» күні сүйіктісіне тағы бір мәрте сезімін білдірді. Блогер күйеуімен фотосессия жасап, жеке парақшасында арнайы пост жариялаған. Ал фанаттар суреттердің атмосферасы арқылы ғашықтардың бір-біріне деген шынайы сезімдеріне куә болды.

Ғашығын онлайн құттықтағандар да бар. Мәселен, Кана Бейсекеев жары Айдинамен инстаграм stories-ына фото жүктеп оқырмандарының сүйіспеншілігін оятты. Ал, қос ғашық ерекше күнді қалай өткізгендерін жұртқа жариялаудан бас тартқан.

Әулие Валентин

Фото. Instagram @beisekeyev


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Instagram @nagimuwaa

Cookie  Image Использование файлов cookie

Мы используем куки для улучшения работы сайта. Узнать больше