Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали романтикалық сапарға аттанды. Танымал жұп бұл жолы демалысын Парижде өткізуде. Айқын мен Жұлдыздың махаббат қаласына арнайы сапармен кетуінің маңызды себебі бар – Жұлдыз Өмірғалидің туған күні.
Осы ерекше күнге орай Айқын жарына тосынсый жасап, оған Парижге жолдама тарту еткен. Саяхаттың басты сәттері – Эйфель мұнарасында кешкі ас, әсем қалада серуендеу және бірге уақыт өткізу.
Айта кетейік, Жұлдыз Өмірғали туған күнін жаңа имиджбен қарсы алды. Актриса әрі тележүргізуші ұзын шашын қысқартып, оны ашық сары түске бояған.
Автор. Мұқан Гүлдана. Источник заглавного фото: Instagram @zhuldyzomirgali_official