БАҚ арасында отандық әншілердің алатын гонорарлары анықталды. Эстрада жұлдыздары сахнаға бір шыққан сәтінде қыруар қаржыға кенелетіні жасырын емес. Мәселен, ҚР Халық әртісі Роза Рымбаеваны кез-келген шараға шақыру құны 5 миллион теңге. Димаш Құдайберген 10 миллион және одан да жоғары қаламақы талап етеді. Бұл туралы КазТАГ ақпараттық порталы жариялады.
Поп-музыканттар арасында Мирас Жүгінісов өзінің өнерін 5,5 миллион теңге қаражатқа бағалайды. Әли Оқапов пен RaiM 2,5 миллионнан алса, Жанар Дұғалова ән салғаны үшін 1,5 миллион теңге еңбекақы сұрайды.
Шоу-бизнестағы өзге әртістердің гонорар тізімі мынадай:
Майра Мұхаммедқызы – 3 млн теңге
Әлішер Кәрімов – 1,5 млн теңге
Асылбек Еңсепов – 1,3 млн теңге
Алтынай Жорабаева – 1,5 млн теңге
Нұрлан Абдуллин – 1 млн теңге
Тамара Асар – 1,2 млн теңге
Ернар Садырбай –2,5 млн теңге
Мәди Сыздықов – 700 мың
Дастан Оразбеков – 1,5 млн теңге
Садриддин – 2 млн теңге
Тұрар – от 1-3 млн тенге
Мәди Рымбаев – 1,5 млн теңге
Берік Айтжанов – 1,3 млн теңге
Азамат Сатыбалды - 1,3 млн теңге
Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Источник заглавного фото: Instagram @kudaibergenov.dimash