Сүйікті адамыңмен айырылысқан соң не істеуге болмайды? Қарым-қатынасты қалпына келтіруге мүмкіндік болса, не істеу керек? Жалпы мұндай сәттерде қалай әрекет ету керектігін білген абзал. Әйтпесе, көптеген адамдар ажырасқаннан кейін біраз уақыт бойы жалғыздықты сезініп, депрессияға ұшырайды

Сүйікті адамыңмен айырылысқан соң не істемеу керек?

Жақын адаммен қоштасу кезінде не істеуге болмайды?

Ең алдымен, кез келген қарым-қатынас бір күні аяқталуы мүмкін екенін түсіну маңызды. Мұның көптеген себептері бар: олар ортақ тіл таба алмау, махаббаттан тым көп нәрсені күту, үміттердің  ақталмауы, сатқындық және бір-біріне деген салқындықтың пайда болуы. Кейбір жұптар күнделікті өмірдің сынағына шыдай алмайды, қаржылық қиындықтар, ата-аналарымен тіл табыса алмау деп тізімді шексіз жалғастыра беруге болады. Нәтижесі өкінішті.

Кей жұптар қарым-қатынасының тығырыққа тірелгенін түсініп, оңай ажырасады. Сөйтіп, жеңілдік сезінеді. Бірақ айырылысу біржақты бастама болса, ол қиын. 

Кей жандар жанжалдан соң, соның қызумен жүріп ажырасып, кейін өкінеді. Бірақ кейін екеуінің де татуласуға қадам жасауға батылы бармайды. Олар бір-бірінің бірінші қадам жасауын күтеді. Содан  кек алмақшы болады да, жаңа қарым-қатынасты бастайды немесе толық немқұрайлылық көрсетеді. Мұның бәрі тек қақтығысты ушықтырады.  Сөйтіп, жақсартуға болатын қарым-қатынастар одан сайын нашарлай түседі.

Сіз қандай себеппен ажырассаңыз да, қарым-қатынасты қалпына келтіруге болады. Бірақ мынадай қателіктерге бой алдырмаңыз.

Бірінші қателік. Сізді тастап кеткен жанның соңынан жүгіру.

Сүйікті адамыңмен айырылысқан соң не істемеу керек?
Сүйікті адамыңмен айырылысқан соң не істемеу керек?

Ол шаршады, сүймейді, көңілі қалды, жаңа махаббатын жолықтырды. Бұлардың бәрі маңызды емес. Оларды абыроймен қабылдап, оған енді керек емес екеніңізді түсініңіз. Мүмкін сіз оның осы уақытқа дейін салқындағанын байқаған боларсыз. Әдетте мұндай қақтығыстарда схема бірдей: біреуі бір сәтте салқындап, алыстап кетеді. Айтпақшы, қарым-қатынаста аздап өзара салқындау кезеңдері болуы мүмкін және бұл қалыпты жағдай. Бірақ серіктестің қашықтығын сезінген адам не істейді? Барған сайын көбірек назар аударуды талап етеді, үнемі ренжіп, талап қояды. Осындай әрекет жұбыңызды одан бетер итермелейді. Бұл уақытта оның өзі кішкентай және бақытсыз болады, оның өзін-өзі бағалауы сыни нүктеден төмен түседі. Бұл күйде кез келген адам, әйел не ер болсын өте тартымсыз бола түседі. Содан кейін сүйіктіңізді бұл аянышты жаннан не таптым деген сауал мазалайды. Біраз уақыт бойы оны кінә, міндет, ұят сезімі әлі де жақын ұстауы мүмкін (әсіресе, егер осы уақыт ішінде сатқындық, бір сәттік құмарлық  болса). Бірақ кінә мен қарыз қарым-қатынастың нашар негізі болып табылады. Кез келген борышкер ерте ме, кеш пе несие берушіден құтылуға тырысады. Әсіресе, егер қарызды төлеу мүмкін болмаса.

Кейін екеуі ажырасады. Айтпақшы, мұндай қарым-қатынастар біраз уақыттан кейін жаңартылуы мүмкін.  Әсіресе, олардың бойында жақсы нәрселер көп болса. Сондықтан

1/ Бірінші өсиет. Абыройды сақтау.

Бұл дегеніміз, қарым-қатынас қалай өрбісе де, қаншалықты ауыр болса да, серіктесіңіз сізді қалай қорласа да, сіз өзіңіз оны ешқашан балағаттамаңыз. Жағымсыз сөздер, интригалар, әлеуметтік желіде ол туралы жазу не достарының көзінше оны жамандау — мұның бәрі сізге абырой әпермейді. Оларды жасай отырып, сіз өзіңізді қорлайсыз. Басқалардың алдында құныңыз түседі. Егер сіздің қарым-қатынасыңызда шынымен от, сүйіспеншілік, құрмет болса, сізді көп нәрсе байланыстырса және сіз мұның естелігін жаман істермен бұзбаған болсаңыз, бәрі жақсы болады. Тек үндемей кеткен жөн. Әсіресе, егер ол сізге қажет емес екеніңізді түсіндірсе. Не болғанын сұрауға тырыспаңыз. Сізге мүмкіндік беруді өтінбеңіз, серіктесіңізді оның орны толмас қателік жасап жатқанына сендірмеңіз. Ғашық екеніңді айтпа. Бұл әрекетіңізбен сіз тек өзіңізді қорлайсыз және серіктесіңізді одан сайын алыстатасыз.

Сүйікті адамыңмен айырылысқан соң не істемеу керек?
Сүйікті адамыңмен айырылысқан соң не істемеу керек?

Сіз өте өкінішті деп айта аласыз. Заттарыңызды (егер жинайтын нәрсе болса) тез жинаңыз да кетіп қалыңыз. Болды. Бұл ереже барлығына бірдей — ерлерге де, әйелдерге де. Кейбіреулер, ер адамдар бас тартпайды және кез келген жағдайда әйелдің соңынан бару керек деп санайды. Бірақ бұл сүйіктіңіздің еркі мен қалауын құрметтемеу. Егер әйел жақсы көретін еркекті итеріп жіберіп, қателессе, ол өкінеді. Бірақ бұл үшін оған уақыт беру керек. Егер қазір ол сізден бас тартса, онда сіз оған жағымсыз болуыңыз мүмкін. Ол сіздің табандылығыңыз бен махаббатыңызды бағаламайды. Егер ол кез келген уақытта кетуге дайын болса және ең қарапайым келіспеушіліктер кезінде ол: «Қош айтысайық!»деп айта алса, сізге мұндай әйел керек пе?

Сондықтан абыроймен кетіп қалыңыз. Бұл эмоциялар басылып, сіз жағдайды айқынырақ көре алатын болғанда өзіңіздің әрекетіңізден қатты ұялмауға көмектеседі.

Екінші қате. Сүйіктіңіздің қайтып келуін күту.

Сіз ажырасуды бастан өткеріп жатқан болсаңыз, жоғарыда айтылғандарды оқып, түсінесіз. Расында, жақсы нәрселер көп болды. Бірақ қатты ұрыс-керіс, күйзеліс, қорлау болған жоқ. Сондықтан екеуіңіздің қарым-қатынасыңыздың мүмкіндігі бар!

Мұны бірден ұмыту керек! Бұл сізді бақытсыз етеді. Сіз оны күтумен көп күш пен уақыт жоғалтасыз. Егер сіздің қарым-қатынасыңызды әлі де қалпына келтіруге және дамытуға  мүмкіндік болса да, бұл туралы үнемі ойлай бермеңіз. Сіз өзіңіздің иллюзияларыңызбен, үміттеріңізбен кедергі жасайсыз. Өзіңізді жаңа мүмкіндіктерден айырасыз. Одан да өмірдің ағымына ілесіңіз. 

Сүйікті адамыңмен айырылысқан соң не істемеу керек?

2 / Екінші өсиет. Толық өмір сүріңіз және әр сәтті жақсырақ болу үшін пайдаланыңыз.

Соңғы кездері (тіпті бақытты қарым-қатынаста да бұл орын алады) сіз өзіңізді және көптеген қызығушылықтарыңызды толығымен тастап кекен боларсыз. Өйткені сіздің өміріңіздің маңызды бөлігін серіктесіңіз атқарды. Айтпақшы, қақтығыстар жиі осындай біржақтылықтан туындайды. Ал одан кейін қоштасулар орын алады. Өзіне де, басқаларға да қызықты, бақытты, жан-жақты адам өмір сүрді. Содан кейін ол үлкен махаббат пен қарым-қатынасқа ие болды. 

Сөйтіп, өзін жоғалтып алады. Оның бүкіл әлемі сүйіктісінің айналасында өрбиді.

Қарым-қатынасыңыз үшін құрбан еткен нәрселерге көңіл бөлетін кез келді. Ескі байланыстарды қалпына келтіріңіз, туыстарыңызға көбірек көңіл бөліңіз, жұмысқа кірісіңіз, спорт пен хоббиден бас тартсаңыз, қайта бастаңыз. Мұның бәрі күш жинап, өз-өзіңізді  бағалауға үйретеді. «Мен жақсысына лайықпын» деген қағиданы ескеріп өмір сүруге тырысыңыз. Және бірден оң өзгерістерді байқайсыз. Олар тіпті сырт келбетіңізде пайда болады.  Ең бастысы — азап шегуді тоқтатыңыз! Және пайдалы нәрсе жасаңыз.

Сүйікті адамыңмен айырылысқан соң не істемеу керек?
Сүйікті адамыңмен айырылысқан соң не істемеу керек?

Үшінші қателік. Әлеуметтік желілерді бақылау және өсек.

Адамдардың барлығы дерлік ажырасу кезеңінде әлеуметтік желілердегі бұрынғы ғашығының парақшасын бақылайды. Сонымен өздеріне зиян келтіреді.Ол қарым-қатынас пен қоштасудың егжей-тегжейлері ас үйде, достарымен өткізген отырыстар барысында айтылады. Ерлерде бұл сәл басқаша болады, бірақ жалпы айырмашылықтар тым үлкен емес. Әйелдер достарының иығында жылайды. Ер адамдар көп ішеді және бақылауды мүлде жоғалтып, жақын достарын тартады.

Бұл несімен қауіпті?

Сүйікті адамыңмен айырылысқан соң не істемеу керек?
Сүйікті адамыңмен айырылысқан соң не істемеу керек?

Біріншіден, тыңшылық жасау тым көп күш пен уақытты алады. Сізсіз экс-сүйіктіңіз жақсы тұрмыс кеше алмайды дегенді іздейсіз бе? Әлде жазбаларынан жасырын мағынаны алуға тырысасыз ба? Бұлай шизофренияға жетуге болады. Көбінің мұндай досы (немесе қызы) болған болуы керек, ол белгілі бір сәтте олардың психикалық денсаулығына қауіп төндірді. Әлеуметтік желіден мүлде беймәлім статусты, биде немесе достарымен бірге түскен суретін тауып: «Міне! Айттым ғой, ол менсіз өте бахытсыз! Ол мені ренжіту үшін әдейі осылай істейді!» Оның сізді ұмытқалы қашан (әлеуметтік желілердегі фотосуреттер дәлелдейді). Осындай сәтте ақылға қонымды дәлелдер көмектеспейді. Егер сіз бұрынғы сүйіктіңіздің инстаграмына күніне 50 рет қарап, құпия хабарламаларды іздейтін болсаңыз, мұндай жағдай сіздің де басыңыздан өтуі мүмкін. 

Екіншіден, бұрынғы жұбыңыз сізді аңсаса да, оның парақшасындағы әрбір жаңа жазба бұл туралы анық айтып тұрса да, ол татуласуға, ең болмағанда жақындасуға ешқандай қадам жасамайды. Бұл сізді бағаламайды деген сөз. Сондықтан өзіңізді жалған үмітпен қоректендіре бермеңіз. Уақыт пен энергия қорын психикалық күйзелістерге жұмсамаңыз. Одан да жаңа әдеттерді қалыптастырып, пайдалы іс-әрекеттерге назар аударған жөн.

айырылысқан соң
Сүйікті адамыңмен айырылысқан соң не істемеу керек?

Ал егер сіз өзіңіздің сүйікті адамыңыздың басқа біреумен шынымен бақытты екенін көрсеңіз? Оған бақыт тілеп, оны бірден жіберемін деп өзіңізді көндірмеңіз. Сірә, бұл жаңалық сізді депрессияға ұшыратады.

Бұл «неге?», «не үшін?» деген сұрақтарға жауап іздеу үшін достарымен  құрбыларымен сәтсіз қарым-қатынастар туралы шексіз әңгімелерге  мен Таро болжау, астрологтарға бару және ұқсас әрекеттерге де қаысты айтылған. Бұл мәселеде достардың пікірі көбінесе көмектеспейді. Кейде тіпті кесірін тигізеді. Екі адамның арасында не болып жатқанын тек екеуі ғана түсінеді. Бірақ сіз ол туралы үнемі ойлап, сөйлесіп, онымен арадағы эмоционалды және психикалық байланысыңызды нығайтасыз. 

3 / Үшінші өсиет. Іздеме, ойлама, талқылама!

Азап шегуді тоқтат. Бос сөзді қой.

Әйтпесе, сіз тым құлдырап кетесіз.

Төртінші қателік. Ерегесу

Экс-сүйіктісінің соңынан жүгіріп, уайымдаудан шаршап, әлеуметтік желілердегі парақшаларды үнемі тексеріп, болжамдар жасаудан шаршаған адам, сүйіктісіне ерегісіп, өмір сүре бастайды. Оның әлеуметтік желідегі статустары мен фотосуреттер жалған  қуанышқа толы болады. Өмірдің ағынынан осылайша қалмауға тырысқан  адам одан сайын күлкілі бола түседі. Ең бастысы, көрнекі көңіл көтеру де көп энергияны қажет етеді. Бірақ бұл қажетті нәтиже бермейді.

айырылысқан соң
Сүйікті адамыңмен айырылысқан соң не істемеу керек?

Бұрынғы ғашығыңа ерегісіп басталған жаңа қатынас та күлкілі болып көрінеді.   Бұлардың баплығы бақуатты өмірді ойнауға бел буған «актердің» қайғысын, сенімсіздігін, өзін-өзі төмен бағалауы мен үмітсіздігін анық көрсетеді. Ол барлығына көрінеді. Жақын достардан бастап, әлеуметтік парақшадағы жандарға дейін байқалады. Көбінесе, мұндай спектакльді тамашалаған экс-сүйіктің ыңғайсызданып қалады. Мұндай аянышты жанның кімге керегі бар? 

Қоштасарда екеуі де толқып, қателік жіберді делік. Мұндай қарым-қатынасты да қалыпқа келтіруге болады. Бірақ жаңа ғана жоғарыда айтылған әрекеттердің кесірінен сіз серіктесіңізді алшақтатасыз. 

4 / Төртінші өсиет. Ерегесіп ештеңе жасамаңыз және ренішпен өмір сүрмеңіз

Адаммен қоштасқаннан кейін кез келген контактіні азайтыңыз. Кездейсоқ кездесіп қалмас үшін оның нөмірін телефон кітапшасынан жойыңыз. Хат алмасуды доғарыңыз. Барлық бірлескен фотосуреттерді көзіңізден алып тастаңыз (қол жеткізе алмайтын мұрағаттарда сақтаңыз). Әлеуметтік желіде достығыңызды бұзу керек. Ештеңе оларды еске түсірмесін. Егер сізде ортақ компания болса (немесе бала болса, бұл әрине, қиынырақ), қарым-қатынасты қалай азайтуға болатынын ойлаңыз. Жағдайды өзгерту мүмкіндігі болса, уақыт жоғалтпаңыз, бәрін тастап, кетіңіз. Ең бастысы, өшпенділікпен не бірдеңе дәлелдеу үшін ештеңе жасамау қажет. Мұның бәрі энергияны талап етеді. Ал енді сізге күш беретін нәрсе керек: дұрыс ұйқы мен тамақтану, күнделікті тәртіп, спорт, өнер, қызықты адамдармен араласу, жұмыс, өзін-өзі күту, отбасылық орта. Бұл кез келген адам иек арта алатын салалар. Және бұл энергия береді. Күнделікті тәртіпті сақтау және жақсы ұйықтау сізге көп көмектеседі.

айырылысқан соң

Бесінші қателік. Ешқандай жаңа қарым-қатынасты бастамаңыз

Сүйікті адаммен қоштасқаннан кейін, қайтадан біреуге ғашық болу оңай емес. Ол кезде өзін-өзі бағалау төмен деңгейде, оның үстіне әлі бұрынғы қатынастан бас көтере алмай жүреді. Ал кейбіреу ешқашан жаңадан қарым-қатынасты бастамауға шешім қабылдайды.

Иә, дәл қазір саған қиын. Сіз барлық жаңа таныстарыңызды бұрынғы ғашығыңызбен салыстырасыз, ал салыстырулар оның пайдасына болады. Әйтсе де, қамауда отырып, ешкімді қасыңа жолатпасаң да, өткеннен құтыла алмайсың. Кеткен қарым-қатынасқа деген адалдығыңызды ешкім бағаламайды. Керісінше, сіз солған гүлдей болып қаласыз. Ал бірнеше жылдан кейін сіз басқа біреумен байланыс орнатқыңыз келсе, олар сізден қашқақтай бастайды.  

Ешбір жағдайда сіз қиындықтардан қорықпай, қасқайып тұру керек. 

айырылысқан соң

5 / Бесінші өсиет. Жаңа таныстар іздеңіз, адамдардың көңілінен шығу қабілетіңізді дамытыңыз.

Ер адамдар сізді қаншалықты ренжітсе де, сүйікті адамымен қоштасу кезеңінде әйелдер қаншалықты ашкөз және өзімшіл болып көрінсе де, барлық адамдар бірдей болмайды. Сіздің айналаңызда көптеген керемет адамдар бар екенін қабылдаңыз. Бұл шынымен солай. Есіңізде болсын, сіз ғашық болып, бақытты болған кезде, әлем сізге керемет жер сияқты көрінді. Айналаңыздағы адамдар да  мінсіз болды.

Әлемге қайтадан ашылыңыз. Жаңа достар табуды бастаңыз. Өзіңізге ұнайтын әрбір адамнан қансыраған жараға таңғыш жасауға тырыспаңыз. Бұл оған ұнамайды және қашып кетеді. Кез келген үміткерге аш вампир сияқты қарап, оны шұғыл түрде АХАЖ-ға апаруға тырыспаңыз. Жалпы, ешкімнен ешқандай кепілдік талап етпеңіз. Оны тіпті АХАЖ органдары да бермейді. Тек бір-біріңізбен танысып, әңгімелесуден ләззат алыңыз. Біреумен дос бол. Басқалармен орынды кезде жеңіл флиртке ауысыңыз. Бұл қарым-қатынастан ештеңе күтпеңіз, оны ұлы махаббатқа айналдыруға тырыспаңыз. Бәрі өз жолымен жүрсін. Бес өсиеттің бәрін орындасаңыз, тез қалыпқа келесіз. Күш, шабыт, көздеріңдегі ұшқын саған қайтады. Сіз өзіңізді қайтадан тартымды, қызықты адам ретінде сезіне бастайсыз. Дәл осы күйде адамдар көбінесе бұрынғы ғашықтарының қайтып келуіне себеп болады. Тіпті ең үмітсіз болып көрінетін жағдайларда да.

Дегенмен, біз қайталаймыз: ешбір жағдайда қайтып келуді күтуге болмайды. Сіз өміріңіздің әр саласына барынша назар аудара отырып, өзіңізге қамқорлық жасауыңыз керек. Ал сіз тұтас адам болып, толыққанды өмір сүрсеңіз, көптің қызығушылығын тудырасыз. Және бұрынғы ғашығыңыз қайтып оралады ма, әлде өмір сізге ұсынатын көптеген нұсқалардан басқа біреу пайда болады ма ол маңызды болмай қалады. 


Автор. Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Фото. Pexels.

Поделиться: