Соңғы жайттарға байланыс бүкіл әлем дүрбелеңге жол беруде. Коронавирус пандемиясы мен шетелдік валютаның күтпеген жерден көкке ұшуы адамдарды қорқытқаны соншалықты, олар азық-түлікті, медициналық бетперделерді, қолға арналған санитайзерлерді, біздің елді мұның бәріне қоса, тағы долларды (шамасы келгендер, әрине) да көптеп сатып ала бастады. Барлығымыз бір жер бетінде өмір сүріп жатқанымыз, және Еуропада, АҚШ-та, Азияда болып жатқан жайттар бізді де айналып өтпесі анық. Алайда кез келген төтенше жағдайда сабыр сақтау қажет. Иә, Қазақстанда коронавируспен ауыратындар бар. Елде төтенше жағдай режимі енгізілгені де рас. Иә, бұл инфекция біздің арамызда. Алайда, психологтардың пікірінше, жұқтырып аламын-ау деген үрейлі қорқыныш бізге вирустың өзінен де артық зиянын тигізеді.

Сабыр сақтайық: Үрей вирустың өзінен де қауіптірек!

Үрей адам ағзасына қалай әсер етеді

Жиі үрей қорқыныштың себебінен де әлдеқайда қауіптірек болуы мүмкін. Кейде оның ауқымы соншалықты үлкен болмай-ақ, қолдан ушықтырылуы мүмкін. Қорыққанға қос көрінеді демей ме? Сондықтан да мұндай жағдайда өз-өзіңді қолға алу маңызды.

Сабыр сақтайық: Үрей вирустың өзінен де қауіптірек!

Үрей кезінде адам ағзасына үлкен салмақ түседі. Адамның қысымы, температурасы көтеріліп, көзі қарауытып, дірілдеп, аяқ-қолы әлсіреп, асқазаны және т.б. ауыруы мүмкін. Адам өз ағзасына қарсы мұндай шабуылға төтеп бере алмай, көз жұмуы мүмкін. Өз ағзаңыз бен оның дұрыс жұмыс істеуіне тек өзіңіз жауапты екеніңізді естен шығармаңыз.

Сабыр сақтайық: Үрей вирустың өзінен де қауіптірек!

Үрейге бой алдырмау үшін не істеу керек?

Жаппай дүрбелең қашан да қиын кезеңдерде, әсіресе Жер бетінде қандай да бір беймәлім аурулар ошағы пайда болған кезде белең алатын. Себебі адамдар вирустар мен микробтарды көзбен көрмейді ғой. Көрмегендіктен, олар барлық жерді жаулап алғандай, олардан қашып құтылу мүмкін еместей көрінеді. Мұндай жағдайда толқу міндетті түрде болады. Тек оның деңгейі қисынға сай келіп, шектен шықпаса болды. Коронавирус пандемиясы мен соның салдарынан Қазақстанда төтенше жағдай енгізіліп, бұл аздай, қаржы нарығында ұлттық валюта күрт әлсіреді. Адамдардың басына күйзеліс үйіп-төгілді. Сол себепті жаппай үрей бүкіл елді жаулап алмауы үшін оған қарсы тұру керек. Қалай десеңіз:

  • күнделікті шаруаларға, жұмысқа алаңдап, өз өзіңізді дамытуға, үй демалысына және т.б. көңіл бөлуге тырысыңыз;
  • ақпарат көздерін мұқият таңдаңыз;
  • үрейге жылдам берілгіштерге ақпараттық кеңістіктен «демалыс» алуға кеңес береміз;
  • ұйқы қандырыңыз – ұйқының денсаулық үшін маңызы зор;
  • тамақтануыңызды, денсаулығыңызды қадағалаңыз, ағза энергиядан құр қалмауы тиіс;
  • дәрумен қабылдаңыз, жеке бастың тазалығын сақтаңыз;
  • таза ауаға шығып, серуендеуді ұмытпаңыз;
  • күнделікті өзіңізге жағымды көңіл-күй сыйлауға тырысыңыз: өмірлік мәні бар фильмдер көріңіз, жағымды музыка тыңдаңыз, қызықты кітаптар оқыңыз;
  • депрессивті, негатив ойлайтын немесе қара аспанды қапылтатын адамдармен байланысты шектеңіз.
Сабыр сақтайық: Үрей вирустың өзінен де қауіптірек!

Есіңізде болсын, ең қиын деген шақтарда да, ситуацияның жарық жақтарын көруге тырысыңыз!


Harper’s BAZAAR Kazakhstan. Сурет. Shutterstock.com.

Поделиться: